Тәртіп пен заң: болашақ маманның басты қағидаты
24 қаңтар, 2026
Кафедрамыздың аға эдвайзері факультетіміздің Құқықтық Тәртіп Сақтау Жасағы ұйымымен маңызды жиналыс өткізді. Жиналыс барысында студенттер арасында құқықтық мәдениетті арттыру, тәртіпті сақтау, алдын алу шараларын күшейту және ұйым мүшелерінің жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Аға эдвайзер өз сөзінде жастардың заңға бағынуы, бір-біріне құрметпен қарауы және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Құқықтық Тәртіп Сақтау Жасағының алдағы іс-шаралары мен жоспарлары таныстырылып, студенттердің ұсыныстары тыңдалды.