Экологиялық білім беру – Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың құралы
27 қаңтар, 2026
26.01.2026. Университет кампусынан тыс жерлерде кең жұртшылыққа арналған тегін білім беру курстарын іске асыру аясында Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, профессор Т.А. Базарбаева Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының РММ жанындағы мектеп-интернатының 7–8 сынып оқушыларына арналған «Тұрақты дамуды іске асырудағы экологиялық білім берудің рөлі» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында оқушылар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен, олардың қазіргі қоғам үшін маңызымен, сондай-ақ әрбір азаматтың тұрақты болашаққа қол жеткізудегі жеке үлес қоса алатын мүмкіндіктерімен танысты. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қараудың және күнделікті өмірде саналы мінез-құлықты дамытудың негізгі құралы ретінде экологиялық білім берудің рөліне ерекше назар аударылды.

Қоршаған ортаның барлық құрамдас бөліктеріне ұқыпты көзқарастың негізі ретінде қарастырылатын экологиялық білім беру ТДМ 4 «Сапалы білім беру» мақсаттарын іске асыру аясында ерекше маңызға ие болып, сондай-ақ ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс», ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» және ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосады.

Осындай ағартушылық іс-шаралар жастардың бойында тұрақты құндылықтарды ерте жастан қалыптастыруға ықпал етіп, тұрақты даму қағидаттарын үздіксіз білім беру жүйесіне интеграциялауды қолдайды.
Басқа жаңалықтар
18 наурыз, 2026
4 наурыз, 2026
4 наурыз, 2026