- Басты бет
- Жаңалықтар
- Фараби қысқы ғылыми мектебі: "Адам құқықтарын қорғау тетіктері: ұлттық және халықаралық тәжірибе"
Фараби қысқы ғылыми мектебі: "Адам құқықтарын қорғау тетіктері: ұлттық және халықаралық тәжірибе"
БҰҰ жариялаған 4-ші Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім беруді» жүзеге асыру аясында барлығына инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін дамыту мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы «Сандық ортада адам құқықтарын қорғау» тақырыбында Фараби қысқы ғылыми мектебін өткізуде. Қысқы мектептің ашылуы бүгін, 2026 жылдың 26 қаңтарында өтті. Модератор: заң ғылымдарының докторы, профессор А.С. Ибраева. Бүгін 2026 жылдың 26 қаңтарында Фараби қысқы мектеп ашылды. Модератор заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А.С.
Фараби қысқы ғылыми мектебінде оқу 26 қаңтар мен 06 ақпан 2026 ж. аралығында өтеді.
Фараби қысқы ғылыми мектебінің мақсаты - тыңдаушыларды құқық негіздеріне оқыту және оларды алған құқықтық білімді тәжірибеде пайдалануға дағдыландыру.
Фараби қысқы ғылыми мектебінде оқу барысында құқық және мемлекет теориясының, конституциялық және әкімшілік құқықтың, халықаралық құқықтың, адам құқықтары теориясының, жеке деректерді қорғаудың, қоғамға цифрлық құқықты енгізудің, жасанды интеллектті қолдану негіздерінің, азаматтық құқықтың кейбір мәселелерінің кең спектрін қарастыру жоспарлануда.
Фараби қысқы ғылыми мектебінде сабақтар Қазақстанның жетекші ғалымдарымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және азаматтық қоғамның өкілдерімен, әл-Фараби ҚазҰУ оқытушыларымен және басқа да жоғары оқу орындарымен өткізіледі.
Фараби қысқы ғылыми мектебінің бірінші күні "Адам құқықтарын қорғау механизмі: ұлттық және халықаралық тәжірибе" тақырыбында заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А.С. сабақ өткізді.
Адам құқықтары теориясына қатысты негізгі ұғымдар, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тәжірибесі қарастырылды.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева Алуа Саламатқызы Қазақстанда тұратын әрбір адам құқық нормаларын білуі, құрметтеуі және сақтауы, адам құқықтарын құрметтеуі, өзінің конституциялық міндеттерін толық көлемде орындауы тиіс екенін атап өтті.
Фараби қысқы ғылыми мектебі шетелдік жоғары оқу орындарының заң мамандығының студенттері үшін ұйымдастырылған. Бірінші күні шетелдік жоғары оқу орындарының 30 студенті қатысты. Қысқы ғылыми мектепті бітіргеннен кейін барлық қатысушыларға 72 сағат көлемінде сертификат беріледі.