Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кибер Хангук шет тілдер университеті арасындағы ынтымақтастық дамып келедіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кибер Хангук шет тілдер университеті арасындағы ынтымақтастық дамып келеді

27 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы Кибер Хангук шет тілдер университетімен халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Аталған серіктестік 2024 жылдың қыркүйек айында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуымен бастау алып, бүгінде нақты академиялық нәтижелерге ұласып отыр.

Осы серіктестік аясында 2024 жылы Кибер Хангук шет тілдер университетінің қолдауымен профессоры Сон Ю Джоң Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шақыртылған профессор ретінде қызмет атқаруда және білім беру мен ғылыми байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосуда. Сонымен қатар, Қиыр Шығыс кафедрасының 1 және 2 курс студенттеріне арналған онлайн форматтағы корей тілі курстарына қатысу мүмкіндігі жасалды.

Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды жетістіктерінің бірі ретінде 2025 жылдың қыркүйек айында Кибер Хангук шет тілдер университетінің корей тілін оқытуға арналған төрт деңгейлі оқу құралы қазақ тіліне аударылып, Корей қорының қолдауымен жарыққа шығады деп жоспарлануда. Бұл жоба отандық корейтану саласының дамуына және оқу-әдістемелік базаның кеңеюіне елеулі үлес қоспақ.

Бүгіннен бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің студенттері Кибер Хангук шет тілдер университетінен келген корей тілі мамандары өткізетін бес күндік сабақтарға қатысуда. Сабақтар корей тілін тереңірек меңгерумен қатар, студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

Аталған бастамалар халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтып, болашақта бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға берік негіз қалайды.

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Сайлаукенова Ә.Е.