Заң факультетінде Әділет полковнигі, отставкадағы судья, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 1985 жылғы түлегі Советхан Сәкенұлының «СУДЬЯ» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсіміFarabi University

Заң факультетінде Әділет полковнигі, отставкадағы судья, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 1985 жылғы түлегі Советхан Сәкенұлының «СУДЬЯ» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

28 қаңтар, 2026

Заң факультетінде Әділет полковнигі, отставкадағы судья, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 1985 жылғы түлегі Советхан Сәкенұлының «СУДЬЯ» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек – автордың көпжылдық кәсіби тәжірибесі мен терең ой-толғамының нәтижесі болып, құқықтық сана мен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған тағылымды туынды.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректор Омаров Бақытжан Бауыржанұлы, заң факультетінің деканы Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы, сондай-ақ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева бастаған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Кітаптың тұсаукесер рәсімін заң факультетінің деканы У.А. Ахатов ашып, өз сөзінде судья мамандығының қоғамдағы маңызына, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне және осындай еңбектердің болашақ заңгерлерді кәсіби тұрғыда қалыптастырудағы мәніне тоқталды. Іс-шараның модераторы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы М.С. Жапаков болды.

Кездесу барысында автордың өмір жолы мен судьялық қызметтегі тәжірибесі, кітапта көтерілген өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, студенттер мен оқытушылар тарапынан мазмұнды сұрақтар қойылды. Іс-шара құқықтық мәдениет пен әділдік құндылықтарын дәріптейтін мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.