2026 жылдың 27 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Есеп, талдау және аудит: жаңа технологиялар, сын-қатерлер мен даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция «Қаржы және есеп» кафедрасының белді мүшесі, Жоғары мектеп қабырғасында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың негізін қалаушылардың бірі профессор Сария Баймухановнаның 75-жылдық мерейтойына орай өткізілді.
Конференция аясында есеп, талдау және аудит салаларындағы цифрлық трансформация, орнықты даму, жаһандық сын-қатерлер мен заманауи ғылыми трендтер кеңінен талқыланды. Қазақстан мен шетелден келген ғалымдар, тәжірибелі практиктер мен жас зерттеушілер бір алаңда бас қосып, мазмұнды пікір алмасу жүзеге асырылды. Бұл күн — ғылымға адалдықтың, ұстаз еңбегіне деген терең құрметтің және академиялық сабақтастықтың айқын көрінісі болды.
Басқа жаңалықтар