"Ақпаратты сұрыптау және жалған жаңалықтардан сақтану"
28.01.2026 күні Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Шетел филологиясы мамандығының 1-курс докторанты Алуақас З.Е. және топ эдвайзері Аймагамбетова М.М. “6В02304-Аударма ісі” мамандығының 1-курс студенттерімен «Ақпаратты сұрыптау және жалған жаңалықтардан сақтану» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Сабақтың мақсаты – ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар жасап, жалған мәліметтерден қорғана білуге үйрету.

Ашық тәрбие сағаты интерактив түрінде өтіп, оған 15 студент қатысты. Сабақ барысында қазіргі таңда кең тараған фейк жаңалықтардың белгілерін, олардың қалай және қандай мақсатта таралатыны талқыланды. Практикалық бөлімде түрлі платформалардан алынған жаңалықтар үлгілерін қарастырып, олардың қайсысы шынайы, қайсысы жалған екені анықталды.

Студенттер берілген материалдардың дереккөздерін тексеріп, дәлелдер келтіріп, өз ойларын белсенді түрде ортаға салды. Студенттер ақпаратпен жұмыс істеу кезінде жауапкершілік пен сақтық қажет екенін түсінді. Сабақ жоспарланған деңгейде өтті және өз мақсатына жетті.