- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар Түркітану және тіл теориясы кафедрасы «Әділ қоғам: студент көзімен» атты интерактивті пікірталас және постер-сессия
ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар Түркітану және тіл теориясы кафедрасы «Әділ қоғам: студент көзімен» атты интерактивті пікірталас және постер-сессия
2026 жылғы 28 қаңтар күні жатақхана холлында және филология факультетінде 320-ы аудиторияда сағат 14.00 және 17.00 аралығында кафедра күніне орай «Әділ қоғам: студент көзімен» атты интерактивті пікірталас және постер-сессия ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты - «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерде әділдік, құқықтық мәдениет, академиялық адалдық және бейбіт диалог құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Іс-шараға Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Ақжигитова Арайлым мен аға-эдвайзер Аширкулов Қанат ұйымдастыруымен 1-курс бакалавр студенттері қатысты. Кіріспе бөлімде қатысушыларға ТДМ 16-ның мазмұны мен маңыздылығы түсіндіріліп, әділ қоғам қалыптастырудағы әрбір студенттің рөлі атап өтілді. Сонымен қатар, пікір алмасу барысында бір-бірінің ойына құрметпен қарау, ашық әрі мәдениетті диалог жүргізу қағидалары белгіленді.
Негізгі бөлімде постер-сессия өткізілді. Студенттер әділдік ұғымы, студенттердің құқықтары, академиялық адалдықтың маңыздылығы, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және әділ университет моделін қалыптастыру тақырыптары бойынша өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар өз ойларын постерлерге жазып, кейбір пікірлер ауызша түрде модератор арқылы тіркелді. Аталған кезеңде студенттер белсенділік танытып, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Талқылау барысында әр постер бойынша маңызды ойлар оқылып, қысқаша пікір алмасу жүргізілді. Студенттер өз көзқарастарын еркін білдіріп, бір-бірінің пікірін тыңдау арқылы ортақ тұжырымдарға келді. Іс-шара соңында студенттердің ортақ пікірлері негізінде «Студенттік әділдік кодексі» қабылданды. Кодекс төмендегі негізгі қағидаларды қамтыды:
1. Студенттердің құқықтары мен пікірін құрметтеу;
2. Бағалау жүйесінің ашықтығы мен әділдігі;
3. Академиялық адалдық қағидаларын сақтау;
4. Қақтығыстарды бейбіт диалог арқылы шешу;
5. Заң мен тәртіпті сақтау арқылы қауіпсіз орта қалыптастыру.
Қорытындылай келе, аталған іс-шара студенттердің құқықтық және азаматтық санасын арттыруға, бейбіт әрі әділ қоғам құндылықтарын насихаттауға ықпал етті. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы іс-шараның өз мақсатына жеткенін көрсетті. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсатын жүзеге асыруға бағытталған тиімді тәрбиелік әрі әлеуметтік маңызы бар жұмыс ретінде бағаланды.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Ақжигитова Арайлым мен аға-эдвайзер Аширкулов Қанат , 1 курс бакалавр студенттері.
https://drive.google.com/file/d/1nUH3ur9lDCNdaCLQlJ3-YwKYde01QVpA/view?usp=sharing