Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
2025 жылғы 22 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасында 6B04103 – Экономика білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – Қазақстан тәуелсіздігінің маңызын түсіндіру, студенттер арасында отансүйгіштік сезімді және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Ашық сабаққа Экономика және бизнес жоғары мектебінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Кулиев И.У., «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Иляшова Г.К., экономика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Жоламанов Е.М. қатысты.
Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды тарихи кезеңдер мен деректер талқыланып, студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Қорытындылай келе, тәуелсіздік әрбір қазақстандық үшін қастерлі құндылық екені атап өтіліп, оны сақтау мен нығайту баршаның ортақ міндеті екені айтылды. Ашық сабақ тәрбиелік және танымдық тұрғыдан мазмұнды өтті.
Ұйымдастырушы: Тураров Д.Р.
Басқа жаңалықтар