- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары аясындағы әлеуметтік желілердегі этика және жауапкершілік мәселелері бойынша жоғары оқу орындары арасындағы іс-шара
Тұрақты даму мақсаттары аясындағы әлеуметтік желілердегі этика және жауапкершілік мәселелері бойынша жоғары оқу орындары арасындағы іс-шара
30 қаңтарда Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында «Ethics and Responsibility in Social Media»тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы білім беру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы мамандығында білім алатын студенттері, сондай-ақ Caspian University-дің мұнай инженериясы мамандығы бойынша оқитын студенттері қатысты. Кездесу форматы пәнаралық өзара ықпалдастықты дамытуға және цифрлық орта аясында этикалық әрі сыни ойлауды қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара ағылшын тілінде өтті және әлеуметтік желілерді пайдалануға байланысты өзекті этикалық мәселелерді талқылауға арналды. Атап айтқанда, онлайн-контент үшін жауапкершілік, цифрлық коммуникация этикасы, жалған ақпараттың таралуы, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы цифрлық сауаттылықтың рөлі қарастырылды.
Іс-шара бағдарламасына тақырыптық бейнематериалды көру және талқылау, студенттік презентациялар, интерактивті пікірталас, сондай-ақ негізгі идеяларды түсіну деңгейін тексеруге бағытталған қорытынды қысқаша тест кірді. Мұндай формат қатысушыларға цифрлық этиканың теориялық аспектілерімен танысып қана қоймай, онлайн-кеңістіктегі жеке мінез-құлқы үшін жауапкершілікті саналы түрде пайымдауға мүмкіндік берді.
Іс-шараны Алимбаева Адилия Таласбековна, Новикова Светлана Владимировна, Дайрбекова Гүлсима Курбанбекқызы оқытушылар және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы мамандығы бойынша 1-курс докторанты Жемилева Мадина Маратовна ұйымдастырды.
Өткізілген іс-шара жоғары оқу орындары арасындағы табысты ынтымақтастықтың үлгісі болып, білім беру үдерісіне цифрлық этика мен тұрақты даму мәселелерін интеграциялаудың маңыздылығын, сондай-ақ студенттердің әлеуметтік желілерді пайдалануда жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастырудың өзектілігін көрсетті.
Басқа жаңалықтар