Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағытыFarabi University

Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты

31 қаңтар, 2026

Конституциялық реформа  қазіргі   уақыттың  басты  талабы. Әлем өркениеті сапалы өмір сүру үлгілеріне өту жағдайына көшті, кайта құру  үлгілері жасалуда.  Қазақстан қоғамы, мемлекет ел алдындағы  жауапкершіліктен  туындайтын жаңғырту үдерістерін де бастап кетті. Ата заңнан бастау  бұл табиғи құбылыс, заңды реттеуді  қажет етеді.  Осы талаптаға сйкес әлеуметтік-экономика жүйесі де маңызды рол атқарады. 

        Конституциялық құрылыс негіздері ретінде Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағытын маңызды деп таниды. Бұл даму бағытының тұжырымының  бастауы адам капиталы әлеуметтік саладағы  денсаулық жағдайы, білім  деңгейі жеке адамның, қоғамның ақылой сапасын айқындайды. Осы үрдіс неғұрлым  жақсы  болса, адам капиталының  сапасы соғырлым жоғары  болады және ел экономикасы да сәйкесінше  күшті болады.

   Сапалы білім беру  жүйесіне қол жеткізуге  жағдай жасау, ресурстық базасын  жақсарту мақсат етеді. Ғылым  қоғамның  дамуына, технологиялық  алға  жылжуға және  адам өмірі  мен тұрмыс  жағдайын  жақсартуға  мол мүмкіндіктер  береді.  Ғылымның  маңызын  терең  түсіну, ғылыми зерттеулерді қолдау және дамыту  елдің болашағына  қажетті басты шарттардың бірі.

    Сонымен қатар,  инновациялық  белсенділікті ынталандыру  жаңашылдықты  насихаттап  және  өнертапқыштық үрдісті  жандандыруға ықпал етеді. Басты мақсат еліміздегі  инновациялық  белсенділікті  арттыруға  және  жоғары  технологиялық  ғылымды  қажет ететін  өндірісті  дамытуға жағдай  жасайды.

 

Экономика және бизнес жоғары мектебі

          Экономика  кафедрасының

      аға  оқытушысы  Табеев Т.П.