Докторанттардың педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге арналған іс-шара өтті
2026 жылғы 19 қаңтарда Тұрақты даму мақсаттарының 17-бағыты – «Мақсаттарға жету үшін әріптестік» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде докторанттарға арналған педагогикалық тәжірибе мәселелері бойынша кеңейтілген іс-шара өтті.
Іс-шара Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары М.Д. Мурзагулова және Д.А. Нургалиеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесудің мақсаты – докторанттардың педагогикалық тәжірибеден өтуін жүйелеу, оқытушылық құзыреттерін қалыптастыру және теория мен практиканың өзара байланысын күшейту.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, докторанттар өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты. Нәтижесінде педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар қалыптастырылып, жоғары мектеп үшін сапалы кадр даярлау үдерісін дамыту қажеттілігі айқындалды.
Басқа жаңалықтар