- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жоғары оқу орнындағы сапалы білім беруді қамтамасыз етудің заманауи тетіктері»
«Жоғары оқу орнындағы сапалы білім беруді қамтамасыз етудің заманауи тетіктері»
2026 жылғы 16 қаңтарда ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде «Жоғары оқу орнындағы сапалы білім беруді қамтамасыз етудің заманауи тетіктері» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге факультет деканы, философия ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейрбаев, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары А.Н. Карыбаева, оқу-әдістемелік қызмет жөніндегі декан орынбасары Ж.Н. Бекенова қатысты. Жиын барысында жоғары білім беру сапасын арттыру, білім беру үдерісін жетілдіру және академиялық даму мәселелері талқыланды.
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушылары М.Д. Мурзагулова, А.Д.Шакированың басшылығымен шетелдік білім алушылар да кездесуге белсенді қатысып, өздерінің оқу үдерісіне бейімделуі, академиялық қолдау және білім беру сапасына қатысты пікірлерімен бөлісті.
Аталмыш іс-шара академиялық ашықтықты нығайтып, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді диалог алаңына айналды.
Басқа жаңалықтар