Қытайтану кафедрасында шетелдік докторанттарға арналған дәріс ұйымдастырылдыFarabi University

Қытайтану кафедрасында шетелдік докторанттарға арналған дәріс ұйымдастырылды

2 ақпан, 2026

2026 жылғы 2 ақпан күні сағат 12:00-де Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасында шетелдік докторанттарға арналған «Scopus дерекқорына енгізілген журналдарда академиялық жазудың тиімді стратегиялары» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті қытайтану кафедрасының профессоры Бисенбаева Жанат жүргізді.

Дәріс барысында халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялаудың өзекті талаптары, Scopus дерекқорына енген басылымдардың ерекшеліктері, академиялық жазу құрылымы және ғылыми мәтінді сапалы әзірлеудің тиімді әдістері кеңінен талқыланды.          Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін жүйелі түрде баяндау, дереккөздерді дұрыс пайдалану және академиялық этиканы сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.   

Аталған іс-шара шетелдік докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға, сондай-ақ олардың халықаралық деңгейде ғылыми жарияланымдар дайындау құзыреттерін арттыруға бағытталды.