- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ПІКІРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ПІКІРІ
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ РУХАНИ-ИДЕЯЛЫҚ ӨЗЕГІ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының жариялануы елдің саяси-құқықтық дамуының жаңа кезеңге аяқ басқанын айқын көрсетеді.
Конституцияның жаңартылған мәтініндегі ең маңызды әрі мазмұндық тұрғыдан айқындаушы бөлік – оның преамбуласы. Себебі дәл осы кіріспе бөлімде мемлекеттің құндылықтық негіздері, тарихи жады, қоғамдық келісім мен болашаққа деген стратегиялық бағдар көрініс табады. Жаңа редакциядағы преамбула формалды декларация емес, Конституцияның бүкіл құрылымын айқындайтын идеялық-философиялық өзекке айналған.
Преамбуланың алғашқы жолдарынан-ақ Қазақстан халқының өзін біртұтас саяси қауымдастық ретінде тануы, мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын сақтау ниеті айқын сезіледі. «Біз, біртұтас Қазақстан халқы» деген тұжырым халықтың егемендіктің бірден-бір қайнар көзі ретіндегі рөлін нақтылай отырып, азаматтық бірегейлікті алдыңғы орынға қояды. Бұл – этностық немесе әлеуметтік айырмашылықтарға емес, ортақ тағдыр мен ортақ жауапкершілікке негізделген саяси ұлт тұжырымдамасының көрінісі. Сонымен қатар преамбулада Ұлы даланың мыңжылдық тарихына сілтеме жасалуы ұлттық мемлекеттіліктің терең тамырларын, тарихи жад пен қазіргі заман арасындағы сабақтастықты айқындайды.
Жаңа преамбулада мемлекеттің негізгі мақсаттары мен ұстанымдары айқын әрі жүйелі түрде тұжырымдалған. Онда Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, унитарлық мемлекет ретінде дамуы, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту басты құндылықтар ретінде белгіленеді. Бұл қағидаттар елдің саяси тұрақтылығы мен құқықтық жүйесінің беріктігін қамтамасыз ететін іргелі негіздер болып табылады. Осы арқылы преамбула мемлекеттің стратегиялық бағытын ғана емес, билік пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген қатынастардың идеясын да бекітеді.
Преамбуланың маңызды жаңалықтарының бірі – адам құқықтары мен бостандықтарының айрықша мәнге ие болуы. Адам, оның өмірі, қадір-қасиеті мен еркіндігі мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде танылады. Бұл тұжырым Конституцияның барлық нормаларына бағыт-бағдар беретін басты өлшемге айналады. Яғни жаңа Ата заңда мемлекет жеке тұлға үшін қызмет ететін институт ретінде қарастырылады. Бұл – құқықтық мемлекеттің мәнін тереңдете түсетін, гуманистік қағидаттарға негізделген түбегейлі көзқарас.
Сонымен бірге преамбулада әділеттілік, заң үстемдігі және жауапкершілік идеялары айқын көрініс тапқан. Заң мен тәртіп қағидаты қоғам өмірінің барлық саласында негізгі бағдар ретінде ұсынылады. Бұл тек құқық қорғау немесе сот жүйесіне қатысты емес, жалпы мемлекеттік басқару мәдениетін өзгертуге бағытталған кешенді ұстаным болып табылады.
Мемлекет пен азаматтың өзара қарым-қатынасы құқық пен міндеттердің теңгерімі арқылы жүзеге асуы тиіс екені осы бөлімде тұжырымдалады. Бұл Қазақстанның болашағы адами капиталдың сапасына, интеллектуалдық әлеуетке және технологиялық дамуға тікелей байланысты екенін мойындаудың көрінісі. Мұндай көзқарас мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму моделінің өзгеріп жатқанын, ресурстық емес, білімге негізделген экономикаға ұмтылысын білдіреді.
Уәлихан Ахатов,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
заң факультетінің деканы, заң ғылымының докторы, профессор
БАСТЫ ОРЫНДА – ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ

Бүгінде Қазақстан саяси және экономикалық тұрғыда кемелденген, институционалдық негізі берік мемлекетке айналды. Бұл, ең алдымен, Ата заңымыздың ел дамуының басты кепілі бола алғанының айқын дәлелі. Конституция қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттің тұтастығы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік іргетасына айналды.
Осы уақытқа дейін Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, демократиялық қағидаттардың орнығуына жол ашты. Әсіресе сот билігі мәртебесінің артуы, сот төрелігінің ашықтығы мен судьялардың тәуелсіздігі азаматтардың әділдікке деген сенімін күшейтті.
Конституциялық реформа – кез келген кезеңде халықтың мүддесі үшін жүзеге асырылатын маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы жолдауында көтерілген Конституцияны жаңғырту бастамасы осы бағыттағы жүйелі жұмыстың бастауы болды. Соның аясында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның атқарған қызметі ел болашағына жауапты көзқарастың көрінісі деп бағалаймыз.
Ұсынылып отырған өзгерістердің алғашқы легі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте вице-президент институтын енгізу және Парламенттің жаңартылған құрылымы саяси жүйенің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Депутаттарды сайлауда пропорционалды жүйенің толық енгізілуі, Президент квотасының болмауы – заң шығару органының дербестігін күшейтіп, саяси бәсекелестікті арттыратын маңызды қадам. Сонымен қатар әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар азаматтарға арналған партиялық квотаның сақталуы әлеуметтік әділеттілік қағидаттарының берік орныққанын көрсетеді.
Медицина саласының өкілі ретінде жаңа Конституция жобасында адам өмірі мен денсаулығын қорғауға басымдық берілгенін ерекше атап өткім келеді. Ата заңның 32-бабында әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға құқығы бар екені, заңда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек алу мүмкіндігі нақты бекітілген. Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда ақылы медициналық қызмет көрсету тәртібінің айқындалуы денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға құқықтық негіз қалайды. Бұл нормалар халық денсаулығын қорғау мемлекеттің басты құндылықтарының бірі екенін айғақтайды.
Сондай-ақ Конституцияда алғаш рет «зияткерлік меншік» және «шығармашылық еркіндік құқығы» ұғымдарының енгізілуі қоғамның зияткерлік әлеуетін дамытуға жаңа серпін береді. Ақпарат тарату еркіндігін пайдалану кезінде өзге азаматтардың құқықтары мен қоғамдық тәртіптің сақталуы рухани-адамгершілік құндылықтардың қорғалуына негіз болмақ.
Жалпы алғанда, қолға алынған конституциялық реформалар нәтижесінде елімізде биліктің жаңартылған, тиімді моделі қалыптасып келеді. Бұл өзгерістер қазіргі және болашақ сын-қатерлерге бейімделуге, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Конституцияны жаңарту – қоғам дамуының заңды қажеттілігінен туындаған, ел болашағы үшін стратегиялық маңызы бар тарихи қадам.
Сүндетғали Қалмаханов,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
медицина және денсаулық
сақтау факультетінің деканы,
медицина ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор
ТАРИХИ КЕЗЕҢ ӨЗЕКТІ ШЕШІМДЕРДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Елімізде қоғам талқылауына ұсынылған жаңа Ата заң жобасы қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді қайта пайымдап, жаңа құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа конституциялық жоба Қазақстанның болашаққа қандай мемлекет ретінде қадам басқысы келетінін айқын көрсететін тұжырымдамалық құжат ретінде қабылдануы тиіс.
Жобаның өзегі саналатын кіріспесі ерекше назар аударуға лайық. Қазіргі заманғы конституционализмде преамбула формалды кіріспе немесе символдық мәтін ғана емес, бүкіл Конституцияның рухын, оның философиялық және аксиологиялық бағдарын айқындайтын маңызды құқықтық бағдарлама ретінде қарастырылады. Әлемдік тәжірибеде конституциялық соттар преамбуланы құқық нормаларын түсіндіру кезінде тірек мәтін ретінде пайдаланып келеді. Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасындағы преамбула да дәл осы үрдіске сай келеді.
Онда Ұлы даланың мыңжылдық тарихына сүйену арқылы мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығы айқындалады – бұл ұлттық конституциялық бірегейлікті саналы түрде бекіту. Мемлекеттің унитарлық сипаты, аумақтық тұтастық пен шекараның мызғымастығы өзгермейтін құндылықтар ретінде танылып, егемендік пен тәуелсіздік конституциялық-құқықтық аксиома деңгейіне көтеріледі. Мұндай тұжырымдар мемлекеттің тұрақтылығы мен құқықтық беріктігінің іргетасын қалайды.
Преамбулада «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидатының қатар аталуы да терең мағыналы. Бұл мемлекеттің дамуы тек басқару тиімділігімен немесе институционалдық реформалармен шектелмей, әділеттілік пен құқық үстемдігіне негізделуі тиіс деген ортақ түсінікті білдіреді. Осы арқылы билік пен қоғам арасындағы қатынас күшке емес, құқыққа және сенімге сүйенетін модель ретінде ұсынылады.
Жаңа жобаның айрықша қыры – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты басымдығы ретінде жариялануы. Адам, оның қадір-қасиеті, еркіндігі мен қауіпсіздігі Конституцияның бүкіл мәтінінде негізгі бағдар ретінде көрініс табады. Мемлекет өзін мақсат емес, адамға қызмет ететін құрал ретінде айқындайды. Бұл – адамға бағдарланған заманауи конституциялық модельге жасалған маңызды қадам.
Преамбулада қоғамдық келісім мәселесіне де ерекше мән беріледі. Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарының бекітілуі Қазақстан қоғамының көпқырлы құрылымын ескеретін саналы әрі жауапты таңдау. Бұл қағидаттар қоғамдық келісімді саяси декларация деңгейінен құқықтық құндылық деңгейіне көтереді.
Сонымен қатар мәдениет пен білімге, ғылым мен инновацияға бағдар алу – мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының басты ресурсы табиғи байлықтар емес, адами капитал екендігін мойындаудың айқын белгісі. Конституциялық деңгейде білім мен ғылымның аталуын елдің болашағына бағытталған стратегиялық инвестиция деп бағалауға болады.
Жаңа Конституцияның преамбуласы мемлекет пен қоғам арасындағы қатынасты жаңа мазмұнмен толықтырады. Тарихи кезең өзекті шешімдерді қажет етеді. Конституциялық мәтін алғаш рет бізді сыртқы үлгілер арқылы емес, өзіміздің тарихи тәжірибеміз, ұлттық жадымыз және ортақ құндылықтарымыз арқылы сөйлетеді. Ұлттық бірегейлік, тарихи жол, қоғамдық келісім секілді ұғымдар декларативті риторика ретінде емес, құқықтық мәні бар бағдарлар ретінде орнығып отыр. Бұл – мемлекеттің өз болмысын құқық тілімен айқындауы. Сондықтан преамбула жаңа Конституцияда мемлекеттің қандай болатынын, қандай құндылықтарды қорғайтынын және қай бағытта дамитынын айқындайтын мағыналық өзекке айналады. Ол әр азаматқа бұл Ата заңның, ең алдымен, адамның еркіндігіне, қадір-қасиетіне және болашағына қызмет ететін ортақ құқықтық негіз екенін сезіндіреді.
Жанар Кегембаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессор-зерттеушісі,
заң ғылымының докторы
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын – мемлекеттік құрылымның негіздерін жүйелі жаңартуды және елді дамытудың түйінді басымдықтарын қайта қарастыруды көрсететін құжатты жариялады.
Реформаның бастапқы нүктесі 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында айтылған бірпалаталы Парламентке көшу туралы ұсыныс болды. Президент бұл бастаманы саяси жүйені кешенді қайта іске қосудың элементі және жаңа әлеуметтік-экономикалық, технологиялық сын-қатерлер жағдайында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам ретінде белгіледі.
2025 жылдың қазан айында парламенттік реформа бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына белгілі заңгерлер, ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды. Қазақстанның әрбір азаматы талқылауға белсенді түрде қатысып, өз ұсыныстары мен пікірлерін e-Otinish және e-Gov порталдары арқылы білдірді. Жалпы, статистикалық мәліметтерге сәйкес, қоғамдық консультациялар аясында Конституция жобасына байланысты 2000-нан астам ұсыныс түсті.
Конституциялық комиссияның жұмысы толығымен ашық форматта өтті. Комиссияның күнделікті отырыстары тікелей эфирде көрсетіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Конституция жобасын талқылауға заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен саясаттанушылар қатысты. Конституциялық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстанның жаңа Конституциясын дайындау туралы ұсыныс қолдау тапты.
Конституция жобасының негізгі мазмұны, элементі Конституцияның жаңа кіріспесі – преамбулада көрініс тапты. Ел тарихында алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдық принципі ретінде жарияланды, бұл мемлекеттік саясаттың негізгі принципі ретінде адамға бағытталған тәсілді бекітеді.
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның дамуының ұзақ мерзімді көзқарасын қалыптастырады. Конституция жобасының басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды, бұл болашақ дамудың негізгі ресурсы ретінде адами капиталға стратегиялық назар аударуды көрсетеді. Конституция жобасында алғаш рет конституциялық мәтінде цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау туралы норма бекітілді, бұл цифрлық бостандықтарды қамтамасыз ету, дербес деректерді қорғау және заманауи технологияларды қауіпсіз пайдалану үшін құқықтық негіз жасайды.
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы адам құқықтарының және бостандықтарының басымдылығына, қоғамдық келісімге және биліктің халық алдындағы жауапкершілігіне негізделген мемлекеттің заманауи моделін белгілейді және қоғамның қазіргі заманның сұраныстары мен талаптарына, уақыттың қиындықтарына жауап беретін мемлекеттік дамудың жаңа философиясын қалыптастыру туралы жаңа Конституция болып табылады.
Сәрсенғали Алдашев,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Азаматтық құқық
және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы
МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға және қоғамдық қатынастарды қазіргі заман талаптарына бейімдеуге бағытталған кешенді конституциялық бастама болып табылады.
Аталған жоба мемлекеттік билікті ұйымдастырудың қолданыстағы моделін қайта қарастырып, саяси және құқықтық институттардың қызметін адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағдарлауды көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, Конституция жобасы мемлекеттің дамуын адам мүддесін басты құндылық ретінде айқындайтын құқықтық реттеудің жаңа парадигмасын қалыптастыруға бағытталған.
Конституция жобасында адамның құқықтық мәртебесіне ерекше назар аударылып, адам, оның өмірі, қадір-қасиеті мен негізгі құқықтары мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық жүйесінің іргетасы ретінде бекітіледі. Бұл қағидат мемлекеттік билік органдарының қызметіне бағыттаушы әрі шектеуші норма ретінде қарастырылып, заң үстемдігі принципін институционалдық тұрғыда күшейтуге негіз болады. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді құқықтық тетіктерін қалыптастыруға, сондай-ақ құқықтық мемлекеттің орнығуына мүмкіндік береді.
Жаңа Конституция жобасында билік тармақтарының өзара іс-қимылын жетілдіру және олардың арасындағы өкілеттіктер теңгерімін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән беріледі. Тежемелік және тепе-теңдік механизмдерін күшейтуге бағытталған конституциялық нормалар саяси шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығын арттырып, биліктің бір орталықта шамадан тыс шоғырлану қаупін төмендетуге арналған. Бұл демократиялық институттардың тұрақты жұмыс істеуіне және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар Конституция жобасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретіндегі бағыты мазмұндық тұрғыда тереңдетіліп, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттерімен тығыз байланыста қарастырылады. Әлеуметтік әділеттілік, тең мүмкіндіктер және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нормалар қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды құқықтық алғышарттарын қалыптастырады. Азаматтық қоғам институттарының дамуына қолайлы құқықтық кеңістік құру азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттырудың негізгі факторларының бірі ретінде айқындалады.
Жаңа Конституция жобасы адамға бағдарланған құқықтық жаңғырудың тұжырымдамалық негізін бекітіп, құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамды дамытудың стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды бағдарламалық-құқықтық құжат. Қоғамдық талқылаулардан кейін бұл құжатқа қажетті өзгерістер енгізіліп, алдағы жалпыхалықтық референум қорытындысы бойынша қабылданатын болады.
Рахат Бектұрсын,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Кеден,
қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы
ЕЛ ДАМУЫНЫҢ САПАЛЫ КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ
Елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар мемлекет дамуының жаңа сапалы кезеңіне өтуін білдіреді. Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртып қана қоймай, қоғамның түпкілікті құндылықтарын қайта айқындауға бағытталған кешенді құжат болып табылады. Бұл жоба «Заң, әділеттілік және тәртіп» қағидаттарын мемлекеттік дамудың негізгі іргетасы ретінде бекітуімен ерекшеленеді.
Жаңа Конституцияның басты тұжырымдамалық бағыты – адамға бағдарланған мемлекет қағидасын нығайту. Ата заңның жаңартылған преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде жариялануы құқықтық мемлекеттің шынайы мазмұнын айқындайды. Бұл тәсіл мемлекеттің басты мақсаты азаматтың абыройын, еркіндігін және заң алдындағы қорғалуын қамтамасыз ету екендігін нақты көрсетеді.
Жаңа Конституция мемлекеттiлiктiң іргелі негіздерін де нақтылай түседі. Халық – биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде танылып, қоғамдық келісім, этносаралық және конфессияаралық татулық ел бірлігінің басты тірегі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым мен аумақтық тұтастық өзгермейтін конституциялық құндылықтар ретінде бекітілуі Қазақстанның мемлекеттік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар Конституция жаңа дәуірдің сын-қатерлеріне жауап беретін құндылықтарды да қамтиды. Табиғатты қорғау және экологиялық жауапкершілік қағидаттарының конституциялық деңгейде бекітілуі – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Цифрлық кеңістікте азаматтардың құқықтарын қорғау нормалары заманауи технологиялық даму жағдайында адамның жеке өмірі мен еркіндігін сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Жаңа Ата заң жобасы – ел үшін стратегиялық маңызы бар құжат. Ол әділеттілікке негізделген құқықтық тәртіпті қалыптастырып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған. Бұл реформалардың түпкі мәні – құқықтары сенімді қорғалған, бірлігі бекем және болашаққа бағдарланған жаңа Қазақстан қоғамын қалыптастыру.
Әмір Құдайбергенов,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Кеден,
қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы
ТАРИХИ БАСТАМАНЫ БІРЛЕСЕ ҚОЛДАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
Конституция – қоғамды біріктіретін маңызды саяси-құқықтық құжат. Қазақстан халқының тікелей ерік білдіруімен қабылданған қолданыстағы Конституция елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, адам құқықтарының конституциялық жүйедегі орнын айқындады. Ол қабылданған сәттен бастап Қазақстанның тұрақты дамуына, халықаралық деңгейде құқықтық әрі демократиялық мемлекет ретінде танылуына және қоғамдағы саяси тұрақтылықтың нығаюына берік құқықтық негіз болып келеді.
2025 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі көтеріліп, нәтижесінде жаңа Конституция қабылдау қажеттігі негізделді. Осыған орай әзірленген Конституция жобасы 31 қаңтарда бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды.
Жаңа Конституция жобасында бірқатар тың идеялар көрініс тауып, бұрын реттелген қоғамдық қатынастарды жаңаша көзқараспен айқындайтын нормалар бекітілген. Соның ішінде ерекше назар аудартатын мәселенің бірі – халық билігінің жоғарғы органы саналатын Парламенттің ұйымдастырылуына қатысты өзгерістер. Жобаға сәйкес, заң шығарушы жоғарғы өкілді орган «Құрылтай» деп аталып, бірпалаталы негізде құрылып, бара-бар өкілдік сайлау жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл бастама қоғам тарапынан қолдау тауып отыр және мен де оны құптаймын.
Сонымен қатар Құрылтайдың бара-бар өкілдік сайлау жүйесімен құрылуы саяси жүйенің дамуына серпін беріп, шағын партиялардың белсенділігін арттырып, партиялар арасындағы бәсекелестікті күшейтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси партиялардың ел дамуындағы рөліне қатысты айтқан ұстанымымен бұл бастама толық үндеседі. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтайды осы жүйе бойынша қалыптастыру елдің саяси жүйесінің орнықты дамуының маңызды факторы болмақ.
Бұл ретте сайлау жүйесін жетілдіру барысында халықтың еркін заң шығарушы органда нақты көрсету тетіктерін де ескерген жөн. Атап айтқанда сайлаушылар партияға дауыс бере отырып, сол партия ұсынған тізімдегі нақты кандидатты таңдау мүмкіндігіне ие болуы қажет. Мұндай тәжірибе бірқатар демократиялық елдерде бар және ол халықтың өкілді билікке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Аталған тәсіл, бір жағынан, партиялардың дербестігін шектемейді, екінші жағынан, халықтың қалаған тұлғаларының Құрылтай құрамына енуіне жол ашады. Бұл өз кезегінде азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, партиялар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтады.
Осылайша ұсынылып отырған конституциялық реформалар халық мүддесіне сай жүзеге асырылып, мемлекеттің билік көзі әрдайым халық еркі екендігін нақтылай түседі. Сондықтан еліміздің жаңа Конституциясын қабылдауға бағытталған бұл тарихи бастаманы баршамыз бірлесе қолдауымыз қажет.
Айгерім Жарболова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымының кандидаты
НАҚТЫ ІС-ШАРАЛАРМЕН ҰШТАСҚАН РЕФОРМА
Жаңарған Конституция – Қазақстанның құқықтық, саяси және әлеуметтік дамуына бағытталған маңызды құжат. Ол әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға берік негіз қалайды. Бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын күшейтеді.
Жаңа конституциялық нормалар білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларының дамуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Академиялық еркіндік, кәсіби жауапкершілік және сапалы кадр даярлау мәселелері жаңа құқықтық кеңістікте ерекше маңызға ие. Әсіресе медицина саласында бұл өзгерістер халыққа көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға және заманауи стандарттарды енгізуге жол ашады.
Жаңарған Конституция азаматтық қоғамның рөлін күшейтіп, жастардың әлеуетін іске асыруға, ғылыми және креативті бастамаларды қолдауға бағытталған. Бұл – ел болашағын айқындайтын ұзақ мерзімді стратегиялық қадам.
Құқықтық реформалар нақты іс-шаралармен ұштасқанда ғана нәтижелі болады. Сондықтан әрбір сала маманы үшін жаңарған Конституцияны терең түсіну, оны күнделікті кәсіби қызметте басшылыққа алу – ортақ міндет.
Қарлығаш Тәжібаева,
жоғары санатты онколог-гинеколог дәрігер,
PhD, PostDoc, қауымдастырылған профессор
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның қалыптасқан, жауапты және болашаққа бағдарланған мемлекет ретіндегі дамуын айқындайды. Құжатта ұлттық құндылықтар, тарихи сабақтастық, егемендік, аумақтық тұтастық және унитарлық мемлекет қағидаттары берік бекітілген. «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, қоғамдық келісім, білім, ғылым, инновация және экологиялық жауапкершілік негізгі бағдар ретінде айқындалған.
Конституциялық құрылым жаңартылып, президенттік басқару нысаны нақты көрсетілді, халықтың егемендіктің бірден-бір иесі екені бекітілді. Құрылтайдың енгізілуі, Конституциялық соттың мәртебесін күшейту, вице-президент институтын құру билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті арттыруға бағытталған. Адам құқықтары бөлімі кеңейтіліп, өмір сүру құқығы, жеке өмірге қол сұқпаушылық, дербес деректерді қорғау және экологиялық міндеттер нақты айқындалды.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция әділетті, ашық және тұрақты мемлекет құруға, халықтың сенімін нығайтуға және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба билік институттарының жауапкершілігін күшейтуді көздейді: құрылтайдың құрылуы, Конституциялық соттың рөлін арттыру, вице-президент институтын енгізу мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар білім, ғылым, инновация және адам капиталы ел дамуының стратегиялық басымдықтары ретінде танылған. Конституция – тек мерекелік күнтізбе емес.
Көп жағдайда Қазақстан Республикасының Конституциясын мерекелік күндерде ғана еске аламыз. Алайда ол тек ресми құжат емес, ол – қоғамдағы келісімнің негізі. Біз өз пікірімізді ашық айтқанда, әділ шешім күтетін сәтте немесе тең мүмкіндіктер туралы ойлағанда ҚР Конституциясының мәні байқалады.
Маңызды бір жайт: Конституция ең алдымен мемлекет туралы емес, адам туралы жазылған. Онда азаматтың қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары басты орынға қойылған. Бұл – мемлекеттің қандай болу керектігін емес, қоғамның қандай құндылықтарды таңдағанын көрсетеді. Конституция жұмыс істеуі үшін оны тек қабылдау жеткіліксіз. Сонымен қатар түсіну, оған сүйену және қажет кезде қолдана білу маңызды. Заңды білу – бұл ресми талап емес, өз құқығыңды қорғаудың бір жолы. Сондықтан Конституция – күнделікті өмірде маңызын жоғалтпайтын ортақ тірек.
Жаңа Конституция қоғамдық келісімді нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға негізделген заманауи мемлекет қалыптастыруға қызмет етеді.
Гүлнара Аңсатбаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы
ЕЛДІҢ ЖАҢҒЫРУ СТРАТЕГИЯСЫНА НАҚТЫ БАҒДАР
Қазақстанның Конституциялық комиссиясы елдің Негізгі заңын жаңарту мәселесін жан-жақты қарастырды. Жаңартылған Конституция қоғамдағы құқықтық теңдікті күшейтіп, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты айқын реттейтін құрал болуы тиіс. Бұл реформа елдің басқару жүйесін модернизациялап, заманауи талаптарға сай бейімдеудің маңызды қадамы ретінде көрінеді.
Менің ойымша, бала құқықтарын қорғау мен отбасы институтын нығайту басты басымдыққа айналуы керек. Сонымен қатар білім беру жүйесінің зайырлы сипаты мен сапасын Конституция деңгейінде бекіту елдің даму стратегиясына айқын бағдар береді. Бұл жаңа буынның білімді, саналы азамат болып қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Жаңартылған Конституцияда азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттің тәртіп орнату қабілетін күшейту басты мәнге ие болуы тиіс. Заң үстемдігі мен тәртіптің конституциялық мәртебеге ие болуы елдегі тұрақтылық пен сенімділіктің кепілі болады.
Реформа тек заңнамалық тұрғыда емес, сонымен бірге саяси мәдениетті жаңартуға бағытталуы қажет. Бұл азаматтардың белсенділігін арттырып, халық пен билік арасындағы диалогты нығайтады. Заманауи технологияларды пайдалану және адами капиталды дамыту арқылы Қазақстан инновациялық экономикаға жол ашып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болады.
Қорыта айтқанда, жаңа Конституция Қазақстанда әділеттілік пен құқықтық тәртіпті нығайтып, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын құрылымдық негіз болып, елдің жаңғыру стратегиясына нақты бағдар береді.
Аяжан ТОЙБАЗАР,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының «Әдебиеттану»
білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
ҚР Конституциясының жаңа мәтініндегі басты ерекшелігі адам құқығы мен бостандығының айқын көрінісі болмақ. Бұл қағидат тек жаңа преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мазмұны мен құрылымының мағыналық өзегі ретінде көрсетілген. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі күн еліміз үшін тарихи әрі маңызы зор кезең болып саналады. Жарты жыл бойы білікті заңгерлер мен халық қалаулылары жүргізген ауқымды жұмыстың нәтижесінде Ата заңға енгізілетін өзгерістер көпшілікке ұсынылды. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмысы барысында Қазақстанның әрбір азаматына өз пікірін ашық білдіруге мүмкіндік берілді. Ұсынылған өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдері мен баптарын қамтып, құқықтық жүйені жаңғыртуға бағытталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев конституциялық реформаның маңызын атап өтіп: «Ата заңымызға қатысты көптеген прогрессивті әрі инновациялық ұсыныстар берілді деп сеніммен айта аламыз. Түптеп келгенде, бұл бастамалардың барлығы еліміздің Конституциясын одан әрі нығайтуға негіз болады. Қазіргі күрделі кезеңде бұл құжат біртұтас Қазақстан халқына бағыт-бағдар беретін маңызды құқықтық негізге айналады деп сенемін», – деген болатын. Жаңа Конституция жобасындағы 23-бапта сөз бостандығы мен ақпарат тарату мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Атап айтқанда сөз және ақпарат еркіндігі басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығына, қоғамның адамгершілік құндылықтарына нұқсан келтірмеуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс екені нақты көрсетілген. Бұл норма қазіргі ақпараттық кеңістікте орын алып отырған келеңсіз жағдайлардың алдын алуға және жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Жалпы алғанда, Конституцияның жаңа редакциясы құқықтық мемлекетті дамытуға, адам құқықтарын қорғауды күшейтуге және қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге негіз болмақ.
Индира ӘЗІМБАЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС
ҚР жаңа Конституциясының жобасында қоғамдық бірлестіктер туралы нақты жазылғаны құптарлық деп санаймыз. Жаңа заң жобасының 6-бабында кез келген қоғамдық бірлестіктердің заң алдында бірдей екені көрсетіліп, мемлекет пен қоғамдық бірлестіктердің бір-бірінен дербес қызмет ететіндігі белгіленген. Бұл қағидат еліміздің біртұтастығына нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық, діни араздықты қоздыруға бағытталған кез келген іс-әрекетке жол бермеуге құқықтық кепіл болады.
Жаһандық әлемде территориялық шекаралар анықталғанмен, қазіргі кезде ғаламторлық шекаралардың шегін анықтау өте қиын. Осы ретте қаржылық құйылымдар туралы да заңда ескерілгені еліміздің тыныштығын сақтау, біртұтастығын күшейту мүддесінен туындап отыр. Атап айтқанда «саяси партия мен кәсіптік одақты шетелдік заңды тұлғаның, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаның, шет мемлекет пен халықаралық ұйымның қаржыландыруына жол берілмейтіндігінің» шегеленіп көрсетілуі қаржылық айналымның бақылауда болатынын және мемлекеттің осы бағыттағы бағдарының дұрыстығын айғақтайды. Мемлекет «саяси партия мен кәсіптік одақты шетелдік заңды тұлғаның, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаның, шет мемлекет пен халықаралық ұйымның қаржыландыруына жол бермейді». Бұл қағидат, әсіресе, түрлі мақсатта құрылып, қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетіп, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге араласып, «жанашыр» көрінгісі келетін астыртын пиғылды ұйымдардың қызметін бақылаудың бірден-бір жолы болып табылады. Осы ретте «ақша қаражатының қозғалысы және активтері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ашық әрі қолжетімді болуын» талап ету сындарлы кезеңдердің сынағынан сүрінбей өтуден туындаған дұрыс талап деп санаймыз.
Айнұр ҚҰРМАНАЛИЕВА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры
ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ САПАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Конституциялық реформаның талқылану үдерісі Қазақстандағы құқықтық өзгерістердің тек институционалдық емес, терең дүниетанымдық сипат алып отырғанын көрсетеді. Қоғамдық ұсыныстарды жүйелі жинап, тұтас жоба ретінде қарастыру мемлекеттік басқаруда ашықтық пен жауапкершіліктің күшейіп келе жатқанын білдіреді. Реформаның бүкіл Конституция құрылымын қамтуы бұрынғы жекелеген түзетулер тәжірибесінен саналы түрде бас тартуды білдіреді. Бұл құқықтық жүйені бөлшектеп емес, тұтас әлеуметтік организм ретінде қайта пайымдауға бағытталған қадам. Философиялық тұрғыдан алғанда, мұндай тәсіл қоғамды жеке нормалардың жиынтығы ретінде емес, өзара байланысқан құндылықтар мен мағыналар жүйесі ретінде ұғынуға негізделеді. Конституция бұл тұрғыда тек құқықтық регламент емес, ұлттың өзіндік тарихи санасын, әлеуметтік бағдарын және болашаққа деген көзқарасын айқындайтын іргелі мәтінге айналады.
Бөлім атауларының өзгеруі де мазмұндық тұрғыдан терең мәнге ие. Бұл құқықтық формулировкаларды жаңарту ғана емес, мемлекеттің адамға, билікке және қоғамдық қатынастарға деген философиялық көзқарасының трансформациясы.
Жаңа бөлімдердің енгізілуі халықтың қоғамдық басқару үдерістеріне қатысуын құрылымдық деңгейде нығайтуға бағытталғанын көрсетеді. Бұл демократияны тек саяси рәсімдер жиынтығы емес, үздіксіз қоғамдық диалог формасы ретінде орнықтыруға ұмтылыстың көрінісі. Мұндай бағыт қазіргі заманғы қоғамның күрделілігі мен азаматтық сананың өсуіне сай келетін басқару моделін қалыптастыруға негіз болады.
Конституция мәтінінің басым бөлігіне өзгеріс енгізілуі бұл реформаның үстірт сипатта емес, мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік болмысын түбегейлі қайта ойластыру екенін дәлелдейді. Мұндай жаңғырту тарихи даму жолындағы жаңа кезеңді білдіріп, қоғамның институционалдық кемелдену деңгейіне көтерілгенін аңғартады.
Демек, Конституцияның жаңа редакциясы Қазақстандағы құқықтық жүйенің жаңаруы ғана емес, қоғамдық сананың сапалық трансформациясының көрінісі болып табылады. Бұл құжат мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген жаңа қатынас моделін қалыптастырып, елдің стратегиялық дамуына берік іргетас қалайды.
Назгүл ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
Философия кафедрасы меңгерушісінің м.а.
философия докторы (PhD)
ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАҒДЫРШЕШТІ КЕЗЕҢДЕРДІҢ БІРІ БОЛМАҚ
Таяуда Ата заңның жаңартылған жобасы жарияланды. Бұл құжат қоғамда, әсіресе, жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Түрлі алыпқашпа әңгімелерге нүкте қойылып, ҚР президенттік мемлекет болып қала беретіні нақты көрсетілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бұл тақырып кеңінен талқыланып, ашық сараптамалық диалогтар өтіп жатыр. Бірпалаталы Парламентке көшу, Халық кеңесін құру, вице-президент лауазымын енгізу сияқты бастамалар студенттер мен оқытушылардың ерекше назарында. Көпшілік өз пікірін әлеуметтік желілерде де белсенді білдіріп жатыр.
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия дайындаған маңызды құжат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар мұқият сараланып, ашық қоғамдық талқылаулар арқылы жан-жақты қарастырылып жатыр. Бұл – реформалардың жүйелілігі мен қазіргі кезеңдегі өзектілігін көрсететін маңызды белгі. Жастар да бұл үдерістен шет қалмай, негізгі бағыттармен танысып, жоғары қызығушылық танытуда.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасында 77 бапқа түзету енгізу көзделген, бұл – Конституция мәтінінің шамамен 84 пайызы. Алғаш рет конституциялық деңгейде әділеттілік, заң және тәртіп қағидаттары бекітіліп отыр. Сонымен қатар ер мен әйелдің тең одағы, «Ұлы дала» ұғымы, адами капитал, Халық кеңесі, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жаза мәселелері қамтылған. Ерекше назар аударарлығы – жаңартылған Конституцияда алғаш рет цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау нормалары енгізілді. Бұл Қазақстанның жаһандық цифрлық өркениеттің бір бөлігі болуға ұмтылысын айқын көрсетеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалардың ауқымдылығын атап өткен сарапшылар олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртып қана қоймай, бүкіл Орталық Азияның ұзақ мерзімді даму бағытына ықпал ететінін алға тартады. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы мемлекеттіліктің берік негіздерін сақтай отырып, стратегиялық даму міндеттеріне жауап береді. Ұсынылып отырған реформалар сабақтастықты, әлеуметтік жаңғыртуды, егемендікті нығайтуды және қоғамдық қатынастарды жақсартуды прагматикалық тұрғыда ұштастырады.
Жаңа Конституцияны әзірлеу – мемлекеттің эволюциялық дамуының кезекті кезеңі ғана емес. Егер ол жалпыхалықтық референдумда мақұлданса, 2026 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тағдыршешті кезеңдердің бірі болары сөзсіз. Сондықтан бұл мәселе философиялық, ғылыми, педагогикалық тұрғыдан да терең ойлануды қажет етеді. ХХІ ғасырдағы білім беру миссиясы, оның жаһандық және еуразиялық өркениеттік кеңістіктегі орны туралы жаңа көзқарастар осы реформалармен тікелей байланысты.
Осы тұста жасанды интеллект тақырыбын айналып өту мүмкін емес. Алдағы онжылдықта ЖИ экономикаға, мемлекеттік басқаруға, білім беру мен қоғамдық қатынастарға тікелей әсер етпек. Сондықтан Конституция тек бүгінгі емес, болашақтағы цифрлық қоғамның құқықтық негізін де қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әлі де кеңінен талқыланатын, пісіп-жетілетін мәселе.
Ең бастысы – жастардың бұл үдерістен шет қалмауы. Студенттер, магистранттар, жас ғалымдар конституциялық реформаларға немқұрайды қарамауы керек. Өйткені 10-15 жылдан кейін билікке, шешім қабылдайтын деңгейге келетін – дәл осы бүгінгі жастар. Ата заң – олардың болашағына арналған құжат. Сол себепті әрбір жас азамат елдің ертеңі үшін жауапкершілік сезініп, өз пікірін білдіруге, талқылауға белсенді қатысуы қажет.
Зейнәбіл СМАЙЛХАНҰЛЫ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
философия ғылымының докторы
АТА ЗАҢ – ТЕҢДЕССІЗ ҚҰЖАТ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – еліміздің саяси-құқықтық жүйесін қайта қалыптастыруға бағытталған және қоғам сұранысына заманауи тұрғыдан жауап беретін маңызды қадам. Бұл құжат халық пен басқарушы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға негізделген және ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сонымен қатар заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған конституциялық реформалар мемлекеттік басқару мен құрылымдық атқару қызметінің ашықтығына жауапкершілігін арттырып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді және бірлесе еңбек етуге деген құлшынысты арттырады. Конституцияның жаңаша жаңғыртылған баптары Мемлекет басшысы мен атқарушы биліктің қызметіне деген сенімін нығайтады.
Конституция жобасында маңызды жаңашылдықтың шынайы көрінісі ретінде ұсынылған Қазақстан Халық кеңесі институтының маңызы зор. Жаңа Конституция жобасындағы бұл институт – еліміздің құқықтық жүйесіне жасалған маңызды қадам. Қоғам мен мемлекет арасындағы диалог пен келісімді күшейтіп, азаматтардың халықтық шешімдер қабылдауына қатысуын көздейді. Халық кеңесі – ол «еститін мемлекет» қағидасына сай жұмыс істейді, осыдан барып демократиялық мәдениет қалыптасады.
Әлеуметтік топтар мүдделері ескеріледі, мемлекет халықпен бірлесе жұмыс істеуіне бұл кеңес игі ықпал етеді.
Айгүл ШЫНЫБЕКОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ А.Байтұрсынұлы атындағы
Қазақ тіл білімі кафедрасының ассистент-профессоры
БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР РЕТІНДЕ
Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы мемлекеттік даму мен әлеуметтік реформалардың жаңа кезеңін белгілейді. Оның мазмұны гуманитарлық және филологиялық ғылымдар саласындағы сарапшылар үшін үлкен қызығушылық тудырады.
Жобада білім, мәдениет және тіл мәселелеріне айтарлықтай мән беріледі. Конституциялық мәтіннің осы салаларға мән беруі тек реттеуші сипатта ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің рухани және зияткерлік әлеуетін сақтау мен дамыту бағдарын жетілдіре отырып, мәдени қалыптастырушы рөлiн атқарады. Бұл жобадағы тағы бір маңызды мәселе – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңартылған мәтінінде алғаш рет цифрлық кеңістікте азаматтардың құқықтарын қорғау туралы ереже тіркелді.
Жобада сонымен қатар мемлекеттіліктің негізгі құндылықтарына әділдік, адами қадір-қасиетке құрмет, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық келісім қағидаттарына баса назар аударылды. Гуманитарлық тұрғыдан алғанда, конституциялық тілдің таза құқықтық формалдылықтан асып түсетіні және қоғамның дүниетанымдық бағдарын, оның тарихи жолы мен болашаққа бағдарлануын көрсетуге бағытталғаны маңызды. Бұл Конституцияға терең символдық мағына береді, оның ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал ететін негізгі акт ретіндегі рөлін растайды.
Жоба мәтіні сапалы лингвистикалық және құқықтық техникамен ерекшеленеді: тұжырымдар анық, қисынды және дәл, бұл Конституция үшін өте маңызды. Түсінікті тілмен жазылған Негізгі заңның ережелері кең аудиторияның қабылдауына қолжетімді болады.
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы адамның құқықтары мен бостандықтарына, азаматтық келісім мен биліктің қоғамға есеп беруіне негізделген мемлекеттің өзекті моделін қалыптастырады. Бұл жай ғана Негізгі заңның ережелерін қайта өңдеу емес, азаматтардың үміті мен қазіргі заманның талаптарын көрсететін мемлекеттік дамудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу.
Арай САЯНҚЫЗЫ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
филология факультетi Шетел тiлдерi кафедрасының философия докторы (PhD)
ЖАҢА ҚОҒАМ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Жаңа Конституция жобасы азаматтардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың егемендікті күшейтуге, демократиялық қағидаттарды дамытуға және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған ұсыныстары жан-жақты ескерілгенін көрсетеді. Жоба қоғамның өзекті сұранысына сай әзірленген.
Жаңартылған преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқын көрсетілген. Бірлік пен өзара түсіністік, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік негізі ретінде белгіленген. Егемендік пен тәуелсіздік, біртұтастық пен аумақтық тұтастық өзгермейтін басты құндылықтар қатарына енгізілген.
Жобада ұлтаралық татулықты сақтау, сондай-ақ білім, ғылым және инновация арқылы адами капиталды дамыту мәселелеріне ерекше мән берілген. Халықтың тәуелсіздіктің бірден-бір иесі әрі мемлекеттік биліктің негізгі қайнар көзі ретінде бекітілуі демократиялық негіздерді күшейтіп, мемлекеттік билікпен түсінісіп жұмыс істеудегі бұрмалаушылық атаулының алдын алады.
Жалпы алғанда, Конституциялық жоба халық мүддесіне жұмыс істеп, тәуелсіздікті нығайтуға және келешек өмірімізді жақсартуға арналып отыр. Демек, зайырлы білім беру, экологиялық жауапкершілік, дәстүр мен инновацияның үйлесімі – әділ әрі жаңарған қоғам құру жолындағы маңызды қадамдар деп есептеймін.
Ысматолла ТҮМЕНБАЙ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасының докторанты
ЖАҢА МІНДЕТ, ЖАҢА ТАЛАП ЖҮКТЕЙДІ
Қоғам дамуындағы әрбір мемлекеттік өзгерістерді танып-білуге ұмтылған Қазақ елінің азаматы және зерттеуші ретінде ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерді жай ғана құқықтық реформа емес, мемлекеттілік, егемендік және азаматтық жауапкершілік ұғымдарының терең қайта ойластырылуы деп түсінемін. Ата заңымыздың бастапқы редакцияларда негізінен құқықтық-нормативтік тәсіл басым болса, жаңартылған Конституцияда тарихи-құндылық логикасы айқын көрініс тапты.
Жаңа конституциялық көзқараста ұлттық құндылықтардың мемлекеттің тұрақты дамуының іргетасы ретіндегі рөлі күшейтілді. Тарих, мәдени жад пен дәстүр енді қосалқы элемент ретінде емес, қоғам дамуының негізгі мағыналық бағдарларының бірі ретінде қарастырылады. Бұл өзгерістер жаңғыру үдерістерін ұлттық тарихи тәжірибемен сабақтастыруға деген ұмтылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тілдің маңызы да жаңа деңгейде айқындалып отыр. Бүгінге дейін қазақ тілі көбіне мемлекеттіліктің символы ретінде бекітілсе, 2026 жылғы өзгерістерде ол елдің бүкіл аумағындағы құқықтық, мәдени және қоғамдық кеңістіктің тұтастығын қамтамасыз ететін жүйеқұраушы фактор ретінде танылады. Бұл тұрғыда тіл тек қатынас құралы емес, азаматтық бірігудің тетігіне айналатыны анық.
Азаматтың құқықтары мен міндеттеріне деген көзқарас та қайта қаралды. Алдыңғы Конституцияда азаматтық құқықтарға басымдық берілсе, жаңа редакциялық нұсқада олардың азаматтық жауапкершілікпен тығыз байланысы айқын көрсетіледі. Конституцияны, мемлекеттік тілді, ұлттық құндылықтарды және заңдарды құрметтеу егемендікті нығайтудың маңызды азаматтық көрінісі ретінде танылады.
Қазақстан аумағы мәселесіне қатысты ұстаным да елеулі түрде күшейтілген. Елдің аумақтық тұтастығы енді тек халықаралық-құқықтық қағида немесе әкімшілік шекаралар жиынтығы ретінде емес, қазақ мемлекеттілігінің тарихи қалыптасқан кеңістігі ретінде түсіндіріледі. Бұл тұрғыда жерді сақтау мен қорғау мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың тарихи әрі азаматтық борышы ретінде айқындалды.
Егемендік ұғымы да кеңейтілген мазмұнға ие болды. 2026 жылғы конституциялық өзгерістерде егемендік тек мемлекеттік институттардың қызметімен шектелмей, қоғам мен мемлекеттің ортақ тарихи және рухани жауапкершілігі ретінде қарастырылады. Ол тілдің, аумақтың, мәдени және діни келісімге негізделген қоғамдық кеңістіктің сақталуымен тығыз байланысты.
Осы тұрғыдан алғанда, жаңартылған Конституция қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық құжат қана емес, құқықтар мен міндеттердің, зайырлылық пен рухани құндылықтардың тепе-теңдігіне негізделген қоғамдық келісім ретінде көрініс табады. Тарихи тұрғыдан бұл өзгерістер Қазақстанның мемлекеттілігін құқықтық тетіктер арқылы ғана емес, жауапты, саналы және рухани тұрғыдан орныққан азаматтық қоғам қалыптастыру арқылы нығайтуға бағытталғанын көрсетеді.
Қорытындылай келе айтарым, Ата заңымыздағы тайға таңба басқандай нақтыланған жаңа өзгертулер Қазақстанның әрбір азаматына жаңа міндет, жаңа талап жүктейді. Еліміздің егемендігі мен қоғамның бірлігі өз қолымызда екенін түсінуге уақыт жеткенін көрсетті.
Сафура ҚАЛДЫБАЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының докторанты
БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ҚАЖЕТ
ҚР Конституциясының жобасы көпшіліктің талқысына ұсынылғалы қоғамда түрлі пікір, көзқарас айтылып жатыр. Өз басым білім саласында жүргеннен кейін осы салаға қатысты тоқталуды жөн көріп отырмын.
Конституция деңгейінде білім мен ғылымның стратегиялық мәнін белгілеу маңызды болып отыр. Білім мен ғылым саласы тұрғысынан қарағанда жаңа жоба ерекше мәнге ие. Қолданыстағы Конституцияда білім беру мемлекеттің міндеті ретінде қарастырылғанымен, ғылым мен академиялық еркіндік толық конституциялық қорғауға ие емес. Жоба аясында ұсынылып отырған 23-бап осы бағыттағы нақты қадам ретінде қарастырылады. Бап бойынша сөз еркіндігі, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігі кепілдендірілген. Зияткерлік меншік құқықтары заңмен қорғалады, ал мемлекеттік құпияларды қоспағанда, ақпаратқа еркін қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл университеттер мен ғылыми ұйымдарға зерттеу мен білім беруді еркін жүргізуге құқықтық негіз береді. Осылайша 23-бап ғылыми қызмет пен білімнің стратегиялық мәнін Конституция деңгейінде бекітіп, академиялық еркіндік пен ақпараттық ашықтық үшін құқықтық кепілдік ұсынады.
Жалпы, жаңа Конституция жобасы білім мен ғылымды мемлекеттің стратегиялық негіздерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл мүмкіндік нақты мазмұнға айналуы үшін белсенді қоғамдық және академиялық талқылау қажет. Конституция – қоғамның ұзақ мерзімді келісімі, ал білім мен ғылым осы келісімнің ортасында болуы тиіс.
Еркебұлан НӘЛІБАЕВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің аға оқытушысы
КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайтын стратегиялық құжат екені анық. Академиялық және ғылыми ортаның жас өкілі ретінде жаңа Конституция жобасындағы мынадай өзгерістерді ерекше атап өткім келеді. Негізгі бағыттар:
1. Адами капитал – ел дамуының басты байлығы.
Жаңа Конституцияда мемлекеттің болашағы табиғи ресурстармен емес, адамның білімі, қабілеті және әлеуетімен айқындалатыны нақты көрсетіледі.
Демек, білім мен тәрбиеге ұзақ мерзімді басымдық беріледі; әр азаматтың өзін дамытуына жағдай жасалады; адамға инвестиция салу мемлекеттің негізгі міндетіне айналады.
2. Ғылым – мемлекеттің стратегиялық басымдығы, ал инновация – экономиканың қозғаушы күші.
Жаңа Конституцияда ғылым мен білім алғаш рет мемлекет дамуының негізгі бағыты ретінде бекітіледі. Сонымен қатар инновацияны қолдайтын берік құқықтық негіз қалыптасады.
Бұл дегеніміз - ғылыми зерттеулерге қолдау артады; жас ғалымдар мен зерттеушілерге мүмкіндік көбейеді; ғылым тек теория емес, ел дамуына қызмет ететін салаға айналады; стартаптар мен ғылыми жобаларды дамытуға, ғылым мен өндіріс байланысын күшейтуге жол ашылады.
3. Цифрландыру – заман талабы, ал құқықтық қорғау – басты шарт.
Цифрлық технологиялар өмірдің барлық саласына еніп отыр. Осыған байланысты Конституцияда цифрлық ортадағы адам құқықтарына ерекше назар аударылады.
Жалпы, жаңа Конституция адамды, оның өмірі мен құқықтарын – мемлекеттің ең жоғары құндылығы, адами капиталды – ел дамуының басты ресурсы, білім мен ғылымды – стратегиялық басымдық, инновацияны – экономикалық өсімнің негізгі көзі, технология мен цифрландыруды – болашақтың іргетасы, отбасы мен дәстүрлі құндылықтарды – қоғам тұрақтылығының негізі, зайырлылық пен діни келісімді – қоғамдық татулықтың кепілі, әділеттілік, заң мен тәртіпті – мемлекеттік басқарудың өзегі, әлеуметтік қорғаныс пен еңбекті – азамат әл-ауқатының тірегі, табиғатты қорғау мен экологияны – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік ретінде айқындайды.
Жаңа Конституция – білімге, ғылымға және парасатты басқаруға сүйенген дамыған мемлекет құрудың құқықтық негізі деп есептеймін.
Бақыт АБАЙҰЛЫ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
физика-техникалық факультеті
Электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытушысы, PhD
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙТЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҮДЕРІС
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде мемлекет пен азамат арасындағы қатынасты айқындайтын негізгі құжат – Конституция екені баршамызға белгілі. Қазіргі таңда ұсынылып отырған Конституцияның жаңа редакциясы еліміздің құқықтық және саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.
Конституциялық комиссия құрамына қоғамның әртүрлі саласының өкілдері енгізілгені реформаның жан-жақты әрі теңгерімді түрде қарастырылғанын көрсетеді. Комиссияға заңгерлер, саясаттанушылар, экономистер, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, Парламент депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер тартылды. Сонымен қатар барлық өңірлердің және саяси партиялар өкілдерінің қатысуы реформаның ұлттық ауқымда жүргізілгенін дәлелдейді. Бұл комиссия жұмысының кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, қоғам мүддесін кеңінен қамтуға мүмкіндік берді.
Конституциялық реформаны әзірлеу барысында ашықтық пен жариялылық қағидаттарына ерекше мән берілді. Комиссия отырыстары тікелей эфир арқылы көрсетіліп, арнайы ақпараттық платформалар мен әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Мұндай тәсіл қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың пікірін ескеруге мүмкіндік берді. Бұл – «Естуші мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі.
Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу үдерісі бірнеше кезеңнен өтті және оған азаматтар мен сарапшылар белсенді қатысты. Мемлекеттік цифрлық платформалар арқылы мыңдаған ұсыныстар жинақталып, олар кешенді түрде қарастырылды. Нәтижесінде ұсынылған өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып, жүйелі әрі тұтас құқықтық құжат қалыптастыруға негіз болды.
Жаңа редакциядағы Конституция құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан елеулі өзгерістерді қамтиды. Құжатта жаңа бөлімдердің енгізілуі, бөлім атауларының жаңартылуы және көптеген баптардың қайта қаралуы мемлекеттің басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұл өзгерістер тек редакциялық сипатта емес, құқықтық жүйені жаңаша тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Ең басты ерекшеліктің бірі – жаңа Конституция жобасында адамның құқықтары мен бостандықтары басты құндылық ретінде айқындалуы. Бұл модель мемлекет қызметінің негізгі мақсаты азаматтардың қауіпсіздігін, қадір-қасиетін және өзін-өзі дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету екенін көрсетеді. Сонымен қатар билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейту, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және ұлттық бірегейлікті айқындау бағытындағы өзгерістер еліміздің заманауи даму талаптарына сай келеді.
Конституциялық реформалар – тек құқықтық өзгерістер ғана емес, бұл қоғамның даму бағытын айқындайтын стратегиялық үдеріс. Сондықтан мұндай бастамалар ғылыми ортада, білім беру жүйесінде және қоғамда кеңінен талқыланып, жан-жақты түсіндірілуі маңызды деп есептеймін.
Маржан ТҰРСЫНҒАЛИ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы, PhD
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
Жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасы елімізде әділетті, заманауи әрі адамға бағдарланған мемлекетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл өзгерістердің аясында экологиялық құрамдас бөлік ерекше маңызға ие, себебі қолайлы қоршаған ортаға құқық – азаматтардың денсаулығы, өмір сапасы және қауіпсіздігінің негізгі шарты ретінде қарастырылады.
География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушысы ретінде конституциялық өзгерістерді тек құқықтық реформа емес, мемлекеттің жаңа экологиялық идеологиясының қалыптасуы деп бағалаймын. Мұнда тұрақты даму, табиғатты ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздік ұлттық саясаттың басым бағыттарына айналады.
Жоба мәтінінде адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. Экологиялық тұрғыдан бұл – адам денсаулығы ауа, су және топырақ сапасына тікелей тәуелді екенін мойындау. Демек, қоршаған ортаны қорғау тек табиғатты сақтау емес, санитарлық, әлеуметтік және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне айналады.
Конституцияда құқықтардың тек жария етіліп қана қоймай, нақты іске асуын қамтамасыз ету тетіктеріне басымдық беріледі. Экологиялық құқықтар мониторинг, тәуекелдерді бағалау, ластануды картографиялау және табиғи ресурстарды ғылыми негізде басқару арқылы нақты мазмұнға ие болады. Бұл геоэкология, GIS-технологиялар және экологиялық талдау әдістерінің маңызын арттырады.
Ғылым, білім және инновацияларға ерекше көңіл бөлінуі тұрақты дамудың берік құқықтық іргетасын қалайды. Бұл болашақ экологтарды, географтарды, табиғатты пайдаланушыларды даярлауға, жер деградациясы мен өндірістік ластану сияқты өзекті экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалуы да экологиялық сала үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл қоршаған ортаның жай-күйін цифрлық мониторингтеу, ашық экологиялық карталар жасау, ластану туралы деректердің қолжетімділігін арттыру және қоғамды экологиялық бақылау үдерістеріне тарту бағытында маңызды қадам.
Халықтың мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде танылуы экологиялық шешімдер қабылдауда қоғамдық қатысудың рөлін күшейтеді. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға негіз болады.
Жаңа Конституция әділеттілікке, заң үстемдігіне және әр азаматтың құқығын құрметтеуге бағытталған. Экологиялық өлшемде бұл табиғатты қорғау – адамды және болашақ ұрпақты қорғау деген ұстанымды нығайтады.
Қоғамдық талқылау үдерісі ғылыми-педагогикалық қауымдастық үшін тұрақты дамудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға үлес қосуға мүмкіндік береді. Экология бұл жерде қосалқы бағыт емес, мемлекеттік саясаттың іргелі тірегіне айналады.
Айту ОШАҚБАЙ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
география және табиғатты пайдалану факультеті
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы
ТҰЖЫРЫМДАМАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН
ҚР жаңа Конституциясының жобасы бойынша мәдениет пен білім, ғылым мен инновациялар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және адами капиталды дамытудың негізгі факторлары ретінде болашақтың басым бағыттары болып айқындалады. Сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық әл-ауқат үшін жауапкершілік ортақ құндылықтар ретінде бекітіледі.
Берілген тұжырымдамада қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағыттар нақты әрі жүйелі түрде айқындалған. Мәдениет, білім, ғылым және инновацияларды басымдық ретінде белгілеу қазіргі жаһандану жағдайында мемлекет дамуының негізгі алғышарты болып табылады. Себебі адами капиталдың сапасы елдің әлеуметтік-экономикалық прогресінің, технологиялық жаңғыруының және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші болып саналады. Білімді, шығармашыл және кәсіби тұрғыдан білікті азаматтар ғана инновациялық экономиканы қалыптастырып, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыра алады.
Сонымен қатар мәдениеттің дамуы ұлттық бірегейлікті сақтауға, қоғамдық сананы жаңғыртуға және рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді. Ал ғылым мен инновациялар өндіріс тиімділігін арттырып, жаңа технологиялардың енгізілуіне, экономиканың әртараптандырылуына және елдің тұрақты өсіміне жол ашады.
Тұжырымдамада экологиялық жауапкершілікке ерекше мән берілуі де аса маңызды. Табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаны қорғау – қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығы мен өмір сапасын қамтамасыз етудің негізгі шарты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру қоғамның табиғатпен үйлесімді өмір сүруіне, ресурстарды тиімді пайдалануына және тұрақты дамуына мүмкіндік береді.
Осылайша аталған басымдықтар мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясының өзегін құрайды және қоғамның интеллектуалдық, экономикалық әрі экологиялық тұрғыдан өркендеуіне негіз болады.
Әлия Жексенбаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасының доценті м.а., география ғылымының кандидаты
БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
Жаңа Конституцияда экологиялық жауапкершіліктің мемлекеттік деңгейде бекітілуі Қазақстанның тұрақты даму жолына түбегейлі бет бұрғанын көрсетеді. Табиғатты қорғау енді тек экологиялық саясаттың бір бағыты емес, мемлекеттің және әрбір азаматтың конституциялық міндеті ретінде қарастырылады.
Экологиялық жауапкершіліктің Конституцияда бекітілуі бірқатар өзекті мәселелермен байланысты: климаттың жаһандық өзгеруі және оның Қазақстан аумағындағы салдары (құрғақшылық, су тапшылығы, шөлейттену); ірі қалалардағы ауа ластануы; су ресурстарының азаюы мен трансшекаралық өзендер мәселесі; табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану.
Осы жағдайларда экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр.
Конституциялық деңгейде экологиялық жауапкершілікті бекіту келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді: қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдардың орындалуын күшейтеді; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға құқықтық негіз қалыптастырады; халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартады; экологиялық қауіп-қатерлерді төмендетуге және табиғи апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді; жасыл экономика мен экологиялық инновациялардың дамуын ынталандырады. Нәтижесінде экология, экономика және әлеуметтік сала арасындағы теңгерімді даму қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар жаңа Конституциядағы экологиялық бағыт БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тікелей үндеседі: ТДМ 6 - Таза су және санитария, ТДМ 11 - Тұрақты қалалар мен елді мекендер, ТДМ 12 - Жауапты тұтыну мен өндіру; ТДМ 13 - Климаттың өзгеруімен күрес, ТДМ 15 - Құрлық экожүйелерін сақтау.
Осылайша экологиялық жауапкершіліктің Конституцияда бекітілуі Қазақстанның халықаралық экологиялық міндеттемелерін орындауына және жаһандық тұрақты даму процесіне белсенді қатысуына жол ашады.
Бұл – болашақ ұрпақтың мүддесін қорғауға бағытталған стратегиялық қадам. Аталған норма Қазақстанның дамуын тек экономикалық көрсеткіштермен емес, табиғатпен үйлесімді, қауіпсіз және тұрақты даму қағидаттарымен айқындайды.
Ақтоты БЕКЖАНОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
география және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушысы
ҚҰҚЫҚТЫҚ АЙҚЫНДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТҚА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ
Конституцияға өзгерістер енгізу үдерісі барынша ашық форматта өтті. Комиссия отырыстары тікелей эфирде көрсетіліп, арнайы ақпараттық арналар арқылы қоғамға жүйелі түрде жеткізілді. Комиссия мүшелерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігі ұсынылып отырған нормалардың мәнін кең аудиторияға түсіндіруге мүмкіндік берді. Мұндай ашықтық азаматтардың сенімін күшейтіп, реформаның формалды емес, шынайы қоғамдық келісімге негізделуіне жағдай жасады.
Талқылау үдерісі 2025 жылдың қыркүйегінен бастап, шамамен жарты жылға созылды. Осы кезеңде парламенттік реформаны талқылауға арналған жұмыс топтары құрылып, азаматтардан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жүздеген ұсыныс жиналды. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан 1600-ден астам ұсыныстың түсуі қоғамның реформаға белсенді түрде қатысқанын көрсетті. Бұл ұсыныстар жеке бастамалар ретінде емес, біртұтас әрі өзара үйлескен жоба ретінде қаралып, соның нәтижесінде Конституцияның барлық бөлімін қамтитын жүйелі жаңарту тұжырымдамасы қалыптасты.
Ұсынылып отырған Конституцияның жаңа редакциясы құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан айтарлықтай жаңарған. Мәтін қайта жүйеленіп, жаңа бөлімдер енгізілді, бірқатар бөлімдердің атауы мен мазмұны нақтыланды. Бұл өзгерістер Негізгі заңды қазіргі саяси, әлеуметтік және экономикалық шындыққа бейімдеуге бағытталған. Осындай тұжырымдамалық жаңарту мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, құқықтық айқындықты күшейту арқылы инвестициялық климатқа, өңірлік даму саясатына және адами капиталдың сапасына тікелей әсер етеді.
Қолданыстағы Конституция көбіне орталықтандырылған басқару логикасына сүйенсе, жаңа модель билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және институттардың нақты жауапкершілігін бекітуге бағытталған. Ең маңыздысы, жаңа Конституцияда адам құқықтары мен қадір-қасиеті бүкіл жүйенің өзегіне қойылады. Бұл мемлекеттің азаматқа үстем құрылым емес, оның қауіпсіздігі, мүмкіндіктері мен ұзақ мерзімді дамуына қызмет ететін институт ретінде қалыптасуына негіз болады.
Менің ойымша, ұсынылып отырған Конституцияның жаңа редакциясы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін берік институционалдық негіз қалыптастырады. Құқықтық айқындықтың күшеюі, билік институттарының есептілігі мен қоғамдық қатысудың кеңеюі мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде экономикалық өсімнің тұрақтылығына, өңірлердің теңгерімді дамуына және адами капиталдың әлеуетін толық іске асыруға жағдай жасап, Қазақстанның ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Гаухар ҚАЙРАНБАЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы, PhD
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: БІЛІМ МЕН ЕРКІНДІКТІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Жаңа Конституция жобасы бойынша пікір білдіргенде мемлекеттің басты құндылығы – адам мен оның бостандығы екеніне сенімдімін. Бұл қағида білім беру жүйесі үшін маңызды, себебі білім алушылардың ой еркіндігі мен шығармашылық қабілеттері олардың кәсіби жетістіктеріне ықпал етеді. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің оқытушысы ретінде, менің ойымша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушыларына өзгерістер әкеледі.
Біріншіден, пікірлерін ашық айтуға және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Екіншіден, әділ басқарудағы рөлі мен жауапкершілікті түсінуге, басқару жүйелерінде белсенді болуға ықпал етеді. Үшіншіден, мемлекет ісіне қатысуға, өз пікірін білдіруге және демократиялық процестерге белсенді қатысуға ынталандырады. Төртіншіден, Конституциядағы жаңашылдықтар жоғары оқу орындарының сапасын арттыруға және оқу процесінің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Бұл өзгерістер жастардың дайын ақпаратты меңгеріп қана қоймай, оны сыни тұрғыдан талдап, жаңа шешімдер іздеуге ықпал етеді. Болашақ мамандар тек кәсіби шеберлікке ие болмай, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін саналы тұлғаларға айналады. Бұл реформаны еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам деп бағалаймын.
Бақытгүл ІЛЕСОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Менің пікірімше, Жаңа Конституцияның цифрлық трансформация мен жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы жаһандық өзгерістерге бейімделуі Қазақстан жастарына бірнеше маңызды мүмкіндіктер ұсынады. Біріншіден, цифрлық құқықтарды қорғау және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше назарға алынған. Бұл жастардың цифрлық әлемде өз құқықтарын қорғап, қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Екіншіден, жаңа Конституция білім беру жүйесін цифрлық тұрғыдан жаңарту мен инновациялық зерттеулерді қолдауға бағытталған. Бұл жастарға цифрлық дағдыларды меңгеруге, ғылым мен технологиялар саласында жетістіктерге жетуге жол ашады. Сонымен қатар ЖИ мен цифрлық экономика саласында жаңа жұмыс орындары мен кәсіпкерлік мүмкіндіктері туындайды, бұл жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттырады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алу, сондай-ақ жаңа ғылыми жобалар мен стартаптар жасау үшін құқықтық қолдау беріледі. Қорыта айтқанда, бұл өзгерістер жастарға цифрлық экономикада бәсекеге қабілетті болуға, инновациялық идеяларды жүзеге асыруға және жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Жансая ДҮЙСЕНБЕК,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, аға оқытушы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘРІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚҰЖАТ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы мемлекеттілікті және демократиялық институттарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды әрі уақытылы қадам. Құжатта азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға деген ұмтылыс жүйелі түрде көрініс тапқан.
Жобада билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, әділеттілік, ашықтық және есептілік қағидаттарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылғаны атап өтуге тұрарлық. Бұл қазіргі заманғы конституциялық даму талаптарына толық сәйкес келеді. Ұсынылып отырған өзгерістер елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға берік құқықтық негіз қалайды.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы Қазақстан халқының мүдделерін айқындайтын және әділетті, құқықтық әрі демократиялық мемлекет құруға бағытталған құжат ретінде оң бағалауға және қолдауға лайық.
Кенжегүл БОЛАТХАН,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Биология және биотехнология факультеті
Биотехнология кафедрасының м.а. профессоры, PhD
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҒЫЛЫМ-БІЛІМНІҢ БАСЫМДЫҒЫ
Жаңа Конституция жобасының ең маңызды бөлімдерінің бірі – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқын бекітілуі. Бұл қағида Преамбуладан бастап барлық тараулар мен баптардың мазмұндық өзегіне айналды.
Атап айтқанда, адам құқықтарының туабітті, ажырамас және абсолютті сипаты (14-бап); өмір сүру құқығының абсолюттігі мен өлім жазасына толық тыйым салынуы (17-бап); азаптауға, қатыгез және ар-намысты қорлайтын жаза түрлеріне конституциялық деңгейде тыйым енгізілуі (20-бап); кінәсіздік презумпциясының күшеюі, бір әрекет үшін қайта жауапқа тартуға жол бермеу және «Миранда ережесінің» енгізілуі (18–19-баптар) елді адамға бағдарланған құқықтық мемлекет ретінде институционалдық тұрғыдан сипаттайды.
Сонымен қатар, келесі назар аударарлық жайт бұл – цифрлық кеңістіктегі адам құқықтарын қорғауға арналған норманың енгізілуі (21-бап). Жасанды интеллект, big data және цифрлық бақылау кеңейіп отырған қазіргі кезеңде бұл – өзектілігі жоғары әрі прогрессивті шешім.
Ғылым мен білімнің стратегиялық басымдық ретінде айқындалуы
Конституция жобасында алғаш рет адам капиталы, білім, ғылым және инновация мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі тірегі ретінде белгіленген (3-бап, 33-бап). Бұл Қазақстан дамуының табиғи ресурстарға емес, интеллектуалды әлеуетке сүйенуін көздейтін құндылыққа бетбұрыс екенін меңзейді.
Жобада енгізілген маңызды тұстарына мыналарды жатқызамыз: білім мен ғылымның Конституция деңгейінде ұлттық басымдық ретінде бекітілуі; бастауыш және орта білімнің міндетті әрі тегін болуы (33-бап); жоғары білімге әділ әрі ашық конкурстық қолжетімділік қағидатының орнығуы; білім беру мен ғылым жүйесінің зайырлы сипатының нақты айқындалуы.
Бұл нормалар білім саласын саясаттандыру мен идеология тәуекелдерін азайтып, академиялық еркіндік пен ғылыми дамудың құқықтық негізін қалайды, сондай-ақ елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Сонымен қатар, интеллектуалды меншік құқығының конституциялық тұрғыда қорғалуы (23-бап) ғылыммен, инновациямен және шығармашылықпен айналысатын азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін күшейтеді.
Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білім адам құқықтарын қамтамасыз етудің негізгі тетігі ретінде қарастырылғаны айқын байқалады. Бұл білім алу құқығын тек әлеуметтік құқық ретінде емес, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Ата заңның жаңа редакцияланған нұсқасы адам құқықтарын декларативті ұстаным деңгейінен нақты конституциялық кепілдіктер жүйесіне көтереді, ғылым мен білімді мемлекеттің болашағын айқындайтын шешуші фактор ретінде орнықтырады және Қазақстанды заманауи, зайырлы, құқықтық әрі интеллектуалдық мемлекет ретінде дамытуға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған Конституция жобасы қоғамның бүгінгі сұраныстарына ғана емес, болашақтағы сын-қатерлерге де жауап бере алатын стратегиялық маңызы бар құжат деп бағалануы орынды.
Назерке Жарбосынова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шығыстану факультеті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАСЫМДЫҚТАРЫ
Адам құқықтарының конституциялық басымдық ретінде бекітілуі
Жаңа Конституция жобасының басты әрі іргелі жетістігі – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқын әрі жүйелі түрде бекітілуі. Бұл қағидат Преамбуладан бастап барлық бөлімдер мен баптардың мазмұндық өзегіне айналған.
Атап айтқанда: адам құқықтарының туабітті, абсолютті және ажырамас сипаты (14-бап); өмір сүру құқығының абсолюттілігі және өлім жазасына толық тыйым салынуы (17-бап); азаптауға, қатыгез және ар-намысты қорлайтын жазаға конституциялық деңгейде тыйым салынуы (20-бап); кінәсіздік презумпциясы, қайта жауапқа тартуға жол бермеу, «Миранда ережесінің» енгізілуі (19-бап, 18-бап); Қазақстанды адамға бағдарланған құқықтық мемлекет ретінде институционалдық тұрғыда күшейтеді.
Ерекше назар аударатын жайт – цифрлық ортадағы адам құқықтарын қорғау нормасының енгізілуі (21-бап). Бұл жасанды интеллект, big data, цифрлық бақылау кеңейіп келе жатқан қазіргі заманда өте өзекті әрі алдыңғы қатарлы шешім болып табылады.
Ғылым мен білімнің мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде танылуы
Жоба мәтінінде алғаш рет адам капиталы, білім, ғылым және инновация мемлекеттің стратегиялық дамуының негізгі тірегі ретінде айқындалған (3-бап, 33-бап). Бұл – Қазақстанның дамуын табиғи ресурстарға емес, зияткерлік әлеуетке сүйендіруді көздейтін түбегейлі құндылықтық бетбұрыс. Оң бағаланатын негізгі тұстар: білім мен ғылымның Конституция деңгейінде ұлттық басымдық ретінде бекітілуі; бастауыш және орта білімнің міндетті әрі тегін болуы (33-бап); жоғары білімге әділ конкурстық қолжетімділік қағидаты;
ғылым мен білім беру жүйесінің зайырлы сипатының нақты бекітілуі. Бұл нормалар: білім саласын саясиландыру мен идеологияландыру тәуекелдерін төмендетеді; академиялық еркіндік пен ғылыми дамуға құқықтық негіз қалыптастырады; ұзақ мерзімді ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қызмет етеді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік құқығының конституциялық қорғалуы (23-бап) ғылыммен, инновациямен және шығармашылықпен айналысатын азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін күшейтеді.
Ғылым-білім мен адам құқықтарының өзара байланысы
Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білім адам құқықтарын қамтамасыз етудің негізгі тетігі ретінде қарастырылғаны байқалады. Бұл:
білім алу құқығын әлеуметтік құқық ретінде ғана емес, тұлғаның толыққанды дамуының шарты ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді; құқықтық мәдениет, сыни ойлау, азаматтық жауапкершілік ғылым-білім арқылы қалыптасатынын мойындау болып табылады. Білім, ғылым және адам құқықтары біртұтас жүйе ретінде ұсынылып, әділетті, құқықтық және прогрессивті қоғам құрудың іргетасы ретінде бекітілген.
Жалпы алғанда, Конституцияның жаңа редакциясы адам құқықтарын декларативті емес, нақты конституциялық кепілдіктер жүйесіне айналдырады,
ғылым мен білімді мемлекеттің болашағын айқындайтын негізгі фактор ретінде орнықтырады, Қазақстанды заманауи, зайырлы, құқықтық және интеллектуалдық мемлекет ретінде дамытуға бағытталған. Бұл тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған Конституция жобасы қоғамның қазіргі сұраныстарына ғана емес, болашақ сын-қатерлерге де жауап бере алатын стратегиялық құжат деп бағалауға болады.
Шәріпқазы Нұртәліп,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шығыстану факультеті
деканның әлеуеметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістерді жан-жақты зерделей отырып, аталған бастамаларды елдің институционалдық дамуына, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп бағалаймын. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін күшейтуге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық негіздерін жетілдіруге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде заманауи менеджмент қағидаттарына – тиімділікке, есеп берушілікке және стратегиялық басқаруға толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, конституциялық реформалар адами капиталды дамытуға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және тұрақты экономикалық өсуді қолдауға қолайлы басқарушылық орта қалыптастырады деп есептеймін. Мұндай өзгерістер болашақ басқарушы мамандарды даярлауда да маңызды рөл атқарып, басқару мәдениетінің жаңа деңгейін қалыптастыруға негіз болатынына сенемін. Осыған байланысты менеджмент кафедрасы Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдай отырып, олар ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қызмет етеді деген сенім білдіреді.
Кусмолдаева Жазира Нурасыловна
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Экономика және бизнес жоғары мектебі,
Менеджмент кафедрасының PhD докторы
ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП
Жаңа Конституция жобасының Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің басты құндылығы әрі негізгі басымдығы ретінде айқындалған. Бұл тұжырым Конституцияның барлық ережелерінде жүйелі түрде көрініс тапқан.
«Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» бөлімі әзірлену барысында Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан ратификациялаған халықаралық пактілер мен өзге де жалпыға танылған халықаралық актілердің нормалары кеңінен ескерілді. Соның нәтижесінде адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарының мазмұны тереңдетіліп, жаңа қырлары айқындалды. Бұл құқықтардың жүзеге асырылуы мен қорғалуына берілетін кепілдіктер едәуір күшейтілді.
Конституция жобасында адамның негізгі құқықтарын қорғауға ерекше басымдық берілген. Атап айтқанда, өмір сүру құқығының абсолютті сипаты, жеке басының қол сұғылмаушылығы, цифрлық заманда жеке деректерді қорғау және «Миранда ережесінің» енгізілуі көзделген.
Сонымен бірге, құжатта сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндік, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері қамтылған.
Жоба аясында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға айрықша назар аударылған. Мәселен, дін мен мемлекеттің бөлінгендігі туралы қағидат нақты бекітіліп, рухани және діни оқу орындарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты белгіленген.
Бұған қоса, неке ер мен әйелдің өзара ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалады. Бұл норма әйелдердің құқықтарын қорғауға және дәстүрлі құндылықтарды сақтауға бағытталған.
Нұрсұлтан Шүренов,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі,
Бизнес-технологиялар кафедрасының аға оқытушысы
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ТАРИХИ СӘТ!
ҚР жаңа Конституциясының жобасының жариялануы маңызды конституциялық кезең болып табылады және елдің өзін қазіргі заманғы конституциялық, демократиялық және адам құқықтарына бағытталған басқару парадигмалары аясында қайта орналастыруға бағытталған үздіксіз күш-жігерін көрсетеді. Халықаралық конституциялық құқық және салыстырмалы жария құқық тұрғысынан ұсынылған мәтін адамға бағытталған, құқықтарға негізделген конституциялық архитектураға айқын ауысуды көрсетеді.
Жобаның ең көрнекті ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттің негізгі құндылығы ретінде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының басымдығына баса назар аудару. Бұл тәсіл халықаралық құқықтық стандарттарға, әсіресе Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде бекітілген стандарттарға тығыз сәйкес келеді. «Адамға бағытталған конституционализмге» бағытталған тұжырымдамалық қадам Қазақстанды жеке тұлғаның қадір-қасиетін таза мемлекеттік орталықтандырылған басқару құрылымдарынан жоғары қоятын заманауи конституциялық модельдермен үйлестіреді.
Конституция жобасында ұсынылған институционалдық қайта құру мемлекеттік билік жүйесін жаңғырту әрекетін де көрсетеді. Парламенттік құрылымдардың қайта құрылуы, жаңа конституциялық органдардың енгізілуі және қатысу механизмдерінің кеңеюі басқарудың неғұрлым инклюзивті және диалогтық моделін іздеуді көрсетеді. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда, бұл реформалар есеп берушілікті, қоғамдық қатысуды және институционалдық тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған конституциялық дамудағы жаһандық үрдістерді қайталайды.
Халықаралық құқық тұрғысынан алғанда, әсіресе, сандық саладағы сандық құқықтар мен қорғауды конституциялық тұрғыдан тану өзекті болып табылады. Бұл болашаққа бағытталған дамуды білдіреді, себебі сандық құқықтық кеңістікті бірнеше конституция нақты реттейді. Жасанды интеллект, деректерді басқару және сандық бақылау дәуірінде сандық саладағы конституциялық кепілдіктер енді міндетті емес, жеке өмірді, сөз бостандығын және ақпараттық өзін-өзі анықтауды қорғау үшін маңызды.
Жоба сонымен қатар Қазақстанның зайырлылыққа, құқықтық теңдікке, кемсітушілікке жол бермеуге және заң үстемдігіне, қазіргі конституциялық демократиялардың нормативтік негізін құрайтын қағидаттарға берілгендігін растайды. Бұл құндылықтар тек символикалық декларациялар ғана емес; олар мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын заңды түрде міндетті конституциялық міндеттемелерді құрайды. Олардың анық тұжырымдамасы конституциялық жүйенің нормативтік заңдылығын ішкі және халықаралық деңгейде нығайтады.
Сонымен қатар, кез келген конституциялық трансформация тек мәтіндік инновациялар арқылы ғана емес, сонымен қатар іске асыру және орындау тетіктері арқылы бағалануы керек. Конституциялық кепілдіктер тек тәуелсіз сот институттары, тиімді конституциялық шолу және қолжетімді құқықтық қорғау құралдары қолдаған кезде ғана нақты мағынаға ие болады. Осыған байланысты конституциялық реформаның болашақтағы табысы конституциялық нормалар мен институционалдық тәжірибе арасындағы үйлесімділікке байланысты болады.
Халықаралық құқықтық тұрғыдан алғанда, Конституция жобасы Қазақстанның ұлттық егемендік пен құқықтық дәстүрді сақтай отырып, өзінің конституциялық сәйкестігін жаһандық конституциялық стандарттармен үйлестіруге ұмтылысын көрсетеді. Халықаралық нормалар мен ұлттық конституциялық сәйкестік арасындағы бұл тепе-теңдік қазіргі заманғы конституциялық дамудың айқын белгісі болып табылады.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы адам құқықтарын, заманауи басқару қағидаттарын және цифрлық дәуірдің туындайтын құқықтық мәселелерін біріктіретін прогрессивті конституциялық жобаны білдіреді. Егер ол үнемі жүзеге асырылып, күшті институттар қолдаса, ол Қазақстанда тұрақты конституциялық даму, демократиялық басқару және негізгі құқықтарды қорғау үшін берік негіз бола алады.
Отыншиева А.А.,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Халықаралық қатынастар факультеті, Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын мемлекеттің ішкі және сыртқы даму жағдайларының өзгеруіне бейімделуге бағытталған жүйелі саяси-құқықтық қадам ретінде қарастыру қажет. Ұсынылып отырған өзгерістер өз ауқымы мен мазмұны жағынан қолданыстағы Негізгі заңға енгізілетін әдеттегі түзетулер шеңберінен шығып, елдің институционалдық дамуының жаңартылған моделін қалыптастыруды көздейді.
Халықаралық қатынастар тұрғысынан алғанда, мұндай ауқымды конституциялық реформалар бұрынғы басқару үлгісінің шектеулерін айқын сезінген және ұзақ мерзімді жаһандық үрдістерге алдын ала бейімделуге ұмтылатын мемлекеттерге тән. Осы тұрғыда Қазақстан саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және адами капиталды дамытуға негізделген неғұрлым тұрақты әрі икемді мемлекеттік жүйені қалыптастыру бағытын таңдағанын аңғартады.
Жоба мазмұнындағы негізгі қағидалардың бірі адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту болып табылады. Халықаралық тәжірибеде бұл өлшем саяси жүйенің институционалдық кемелдігін және болжамдылығын айқындайтын басты индикаторлардың бірі саналады. Қазақстанның сыртқы серіктестері үшін мұндай ұстаным заманауи құқықтық мемлекет стандарттарымен үйлесетін нормативтік негізді нығайтуға бағытталғанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде халықаралық сенімге, инвестициялық ахуалға және көпжақты ынтымақтастықтың дамуына тікелей ықпал етеді.
Сонымен қатар білім беру, ғылым, мәдениет және инновациялар саласына стратегиялық басымдық берілуі ерекше маңызға ие. Жаһандық деңгейде білім мен технология үшін бәсеке күшейіп отырған жағдайда адами капиталға жүйелі түрде инвестиция салатын мемлекеттер ұзақ мерзімді артықшылықтарға қол жеткізеді. Бұл бағыттың Конституция деңгейінде бекітілуі Қазақстанның дамуын қысқа мерзімді экономикалық конъюнктураға тәуелді етпей, стратегиялық арнада орнықтыруға деген ұмтылысты білдіреді.
Саяси жүйенің институционалдық жаңғыруы да назар аударуға тұрарлық. Бір палаталы Парламент - Құрылтайдың құрылуы, пропорционалды сайлау жүйесіне көшу, Вице-Президент институтының енгізілуі және Қазақстан Халық Кеңесінің жалпыұлттық консультативтік алаң ретінде қалыптастырылуы саяси өкілдік пен қоғамдық диалог тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда, бұл шешімдер мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен әртүрлі әлеуметтік топтардың саяси үдеріске қатысуын кеңейту арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге талпыныс ретінде қарастырылады.
Жобада азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға арналған нормалардың енгізілуі де уақтылы әрі өзекті қадам болып табылады. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің жаһандық ауқымда қарқынды дамуы жағдайында мұндай нормалар көптеген елдердің конституциялық тәжірибесінде әлі де сирек кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда бұл бағыт алдағы қоғамдық қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеуге бағытталғанын көрсетеді.
Реформаны әзірлеу үдерісінің өзі де айрықша мәнге ие. Сарапшылардың, қоғамдық институттардың және азаматтардың кеңінен тартылуы, сондай-ақ соңғы шешімді бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдау халықаралық деңгейде мойындалған легитимация қағидаттарына сәйкес келеді. Бұл реформаның тұрақтылығын арттырып, оның формалды сипат алу тәуекелдерін төмендетеді.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасын Қазақстанның күрделене түскен халықаралық және ішкі жағдайда мемлекеттің рөлін институционалдық тұрғыдан қайта пайымдауға бағытталған нормативтік құжат ретінде сипаттауға болады. Бұл құжат тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның егемен, әлеуметтік бағдарланған және халықаралық үдерістерге жауапты қатысушы ретіндегі болашақ саяси бағдарын айқындайды.
Осы тұрғыдан алғанда Конституция жобасы ел ішіндегі аудитория үшін ғана емес, Қазақстанның орта және ұзақ мерзімді даму траекториясын бағалайтын сыртқы байқаушылар үшін де маңызды мәнге ие.
Байкүшікова Гүлнар,
Халықаралық қатынастар және
әлемдік экономики кафедрасының
меңгерушісі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: АШЫҚТЫҚ, ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МОДЕЛЬ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Жоба қоғамда қалыптасқан сұраныстарды ескеруге, мемлекеттік биліктің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға ұмтылыс жасайды.
Конституция - ең алдымен азаматтардың құқықтары мен босандықтарының жүйесін айқындайтын құжат. Мемлекет басшысының жарлығымен жасақталған Конституциялық комиссия құрамына Парламентте өкілдігі бар барлық партиялардың мүшелері, сондай-ақ заңгерлер, экономистер, саясаттанушылар, бизнес өкілдері, азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері енген.
Оның құрамында ішкі тепе-теңдік, өңірлік және гендерлік өкілдік сақталған, елдің барлық аймағынан тәжірибелі мамандары тартылған. Осындай құрам комиссияға жүктелген стратегиялық міндеттердің сапалы орындалуына берік негіз қалады деп есептеймін.
Конституцияға өзгерістер енгізу үдерісі жабық форматта емес, ашық әрі жария түрде өтуі тиіс еді және бұл талап толық орындалды. Комиссия отырыстары ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіліп, «Конституциялық реформа - 2026» атты Telegram-арна іске қосылған болатын. Бұл ашықтық азаматтардың сенімін арттырып, қабылданған шешімдердің заңдылығын күшейтті. Мен мұны «Естуші мемлекет» қағидатының нақты көрінісі деп санаймын. Нәтижесінде енгізілген түзетулер Конституцияның барлық бөлімін қамтып, бұрынғыдай бытыраңқы өзгерістерден бас тартып, біртұтас әрі логикалық жаңа Негізгі заң жобасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Дайындалған жобаға екі жаңа бөлім енгізіліп, төрт бөлімнің атауы өзгертілген. Бұл өзгерістер жай редакциялық түзетулер емес, мазмұндық әрі тұжырымдамалық сипатқа ие. Заң талаптарын және өзгерістердің ауқымын ескере отырып, Конституцияның жаңа редакциясын қабылдау орынды әрі негізді шешім болды деп ойлаймын. Бұл – терең, әрі жүйелі конституциялық жаңғырту, әсіресе білім саласында, оның ішінде химия ғылымының даму болашағында осы өзгерістердің ескерілетініне сенімім мол.
Жаңа Конституция заманауи мемлекеттік модельге көшуді көздейді. Онда билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейтіледі, мемлекет қоғамға қызмет ететін жүйе ретінде қарастырылады, ұлттық бірегейлік пен тарихи құндылықтар айқындалады.
Ең бастысы - жаңа Конституция жобасы Қазақстанның саяси дамуының жаңа кезеңіне өтуіне негіз бола алады. Алайда, оның тиімділігі қоғамның барлық топтарының пікірін ескеру, ашық қоғамдық талқылау жүргізу және қабылданатын нормалардың нақты өмірде іске асуымен тікелей байланысты. Сондықтан жобаны жан-жақты талқылап, халықтың сеніміне ие болатын құжат ретінде қабылдау аса маңызды.
Рысқалиева Роза ,
Химия және химиялық технология факультетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті
ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ОҢ СЕРПІН
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Құжатта ғылым, білім және инновация салаларына ерекше назар аударылуы еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі саясаттың жалғасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің маңызды алғышарттарының бірі.
Ғылыми зерттеулерді қолдау және адами капиталды дамыту стратегиялық басымдық ретінде айқындалуы академиялық қауымдастық үшін аса маңызды. Соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру көлемінің артуы, жас ғалымдарға арналған арнайы гранттар мен жобалардың іске қосылуы ғылыми ортада жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып, зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға оң әсерін тигізіп келеді.
Конституциялық деңгейде ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталған ұстанымдардың бекітілуі – мемлекеттің болашаққа бағдарланғанын аңғартады. Қазіргі технологиялық өзгерістер кезеңінде ғылыми әлеует ұлттық дамудың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы бастамалар ел экономикасының тұрақты өсуіне және жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.
Біз, жас ғалымдар, ұсынылып отырған өзгерістерді оң қабылдаймыз, себебі олар ғылыми қызметтің институционалдық негізін нығайтып, оның қоғамдағы маңызын арттыра түседі. Ғылым мен білімнің өзара ықпалдасуы, инновациялық бастамаларды қолдау және зерттеу мәдениетін дамыту – еліміздің келешегі үшін берік негіз қалыптастырады.
Алдағы уақытта да ғылым мен ғылыми жобаларды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде сақталып, отандық ғылымның дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз.
Мәди СМАЙЫЛ,
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының оқытушысы
АТА ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси-құқықтық реформалардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – Қазақстан Республикасының Ата заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Конституция – мемлекеттің құқықтық, саяси және әлеуметтік дамуының берік негізі, ал ондағы әрбір жаңашылдық ел болашағына бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.
Ата заңда жоғары білім беру мен ғылым саласына ерекше назар аударылуы – бүгінгі жаһандану дәуіріндегі аса өзекті мәселе. Себебі бәсекеге қабілетті, ұлтжанды, отаншыл рухы жоғары зияткер ұлт қалыптастыру тікелей білім мен ғылымның даму деңгейіне байланысты. Осы тұрғыда аталған салалардың конституциялық деңгейде қолдау табуы – мемлекеттің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындайтын маңызды шешім.
Зияткер ұлт қалыптастыру – бұл жастарды жаңа формацияда тәрбиелеу деген сөз. Ол үшін ең алдымен білім беру сапасын заманауи талаптарға сай жетілдіру, ғылымды дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру және инновациялық даму жүйесіне басымдық беру қажет. Ата заңда білім мен ғылымның орнының айқындалуы академиялық еркіндікті нығайтуға, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға және жаңашыл бастамаларды кеңінен қолдауға мүмкіндік береді.
Бұл өзгерістер ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технология факультетінің қызметімен тікелей үндеседі. Факультетте физикалық химия, катализ, мұнайхимия және химиялық технология салаларында жүргізіліп жатқан іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына нақты үлес қосып келеді. Мемлекеттік деңгейде ғылымға көрсетіліп отырған қолдау факультет ғалымдары мен жас зерттеушілердің ғылыми ізденістерін кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Сонымен қатар, студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы ғылыми әлеуеттің өсуіне жағдай жасалуда. Бұл өз кезегінде ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, ел экономикасының орнықты дамуына серпін береді және жоғары білікті, бәсекеге қабілетті химик-мамандарды даярлауға мүмкіндік туғызады.
Қорытындылай келе, Ата заңдағы өзгерістер қоғамның сұранысына жауап беріп қана қоймай, Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайды. Жоғары білім мен ғылымды конституциялық деңгейде қолдау – әділетті, өркениетті және зияткер қоғам құрудың берік негізі. Ал бұл үдерісте ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технология факультетінің атқаратын рөлі айрықша.
Канапиева Фатима Мүхидинқызы,
Химия және химиялық технология факультеті
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті
ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ – ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ
Елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың маңызды кезеңі ретінде жаңа Ата заң жобасының жарияланып, жалпы халық талқысына ұсынылуы – мемлекеттің демократиялық даму жолын таңдағанының айқын көрінісі. Бұл бастама халықтың ел басқару ісіне тікелей қатысуына мүмкіндік беріп, мемлекеттің шынайы иесі – халық екенін нақтылай түседі.
Жаңа заң жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған. Әсіресе, білім беру, ғылым, әлеуметтік қорғау және жауапты басқару қағидаттарының айқындалуы – болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалып отырған нық қадам.
Ғылым саласында, соның ішінде химия мен химиялық технология бағытында жүргізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді қолдау елдің индустриялық, экологиялық және технологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.
Қоғамдық келісім мен өзара сенімге негізделген бұл өзгерістер мемлекетті құраушы халықтың әлеуетін арттырып, өркениетті, әділетті және тұрақты қоғам қалыптастыруға берік негіз қалайды. Жаңа Ата заң – елдің болашағына бағытталған сенімді бағдар, дамудың жаңа сапалық кезеңіне бастар тарихи құжат.
Амантайұлы Қанат,
Химия және химиялық технология факультеті
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушысы
ЕЛДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Қоғаммен ашық диалог – реформаның маңызды негізі. Ұсынылған Конституцияның жаңа жобасы елдің құқықтық жүйесін жаңартуға бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын. Бұл құжат жекелеген баптарды өзгертуге ғана емес, мемлекеттің даму бағытын қайта қарауға арналғаны байқалады.
Конституциялық комиссия құрамының кең болуы және оған түрлі сала өкілдерінің қатысуы қабылданған шешімдердің біржақты емес, қоғамның пікірін ескеріп қабылданғанын көрсетеді. Осы атқарылған шаралар Конституциялық комиссия жұмысының жабық емес, қоғамға ашық жүргізілгенін көрсетті. Тікелей эфирлер мен ашық ақпараттық алаңдар азаматтардың сенімін күшейтіп, билік пен қоғам арасындағы диалогтың нақты іске асып жатқанын айқындады.
Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән берілген. Бұл нормалардың нақты жазылуы мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілікті теңгерімді етуге бағытталған. Сонымен қатар жаңа Конституцияда мемлекеттік тілдің мәртебесіне айқын мән берілуі ғылым мен білім саласында, соның ішінде химия бағытында да қазақ тіліндегі сапалы оқулықтар мен ғылыми материалдарды дамытуға серпін беретініне сенемін. Конституциялық өзгерістер ғылыми еркіндік пен зерттеу нәтижелерін қорғауды күшейту арқылы химия ғылымының дамуына, зертханалық қауіпсіздік пен инновацияны қолдауға қолайлы құқықтық негіз қалыптастырады деп есептеймін.
Ең бастысы, ендігі кезеңде осы өзгерістердің іс жүзінде толық жүзеге асуы маңызды деп санаймын.
Бахытжан Елдана Ғалымжанқызы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Химия және химиялық технология факультетінің аға оқытушысы, PhD
ЖАҢА АТА ЗАҢ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Елімізде Ата заңымыздың жаңа жобасы жарияланып, халыққа ұсынылды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі жолдауында айтылған елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында жүзеге асып отырған тарихи маңызы зор құжат.
Біз үшін білім саласындағы жобалар аса маңызды. Ұлтымыз білімді ұлт, білімді мемлекет болу үшін білім алуға, білім игеруге барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар оған зор мүмкіндіктер де беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңының 33-бабының бірінші тармағында: «Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей, бастауыш және орта білім алуына кепілдік беріледі. Бастауыш және орта білім міндетті» деп көрсетілген. Екінші тармағында: «Қазақстан Республикасы азаматының, заңға сәйкес, мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негізінде жоғары білім алуға құқығы бар», үшінші тармағында: «Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгіленген негізде және көзделген тәртіппен жүзеге асырылады» делінген. Төртінші тармағында: «Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын мемлекет белгілейді. Барлық оқу орындарының қызметі осы стандарттарға сәйкес келуі тиіс» деп атап өтілген.
Бұл бұрыннан сараланған сала. Осы білім саласындағы заңға сәйкес, елімізде білім беру жүйесі қарқынды дамып, қазіргі кезде жастарымыздың білім игеруге деген құлшынысы артып отыр. Әсіресе жасанды интеллект, цифрлық экономика, тіл үйрену, табиғатты қорғау, елтану, ұлттық құндылықтарды білу және оны терең түсінуге деген сұраныс күн өткен сайын маңыздылығын көрсетуде.
Жаңа жобаның басты мақсаты – білім мен ғылымға кең жол ашу, мәдениет пен инновациялық бағыттарды, цифрландыруды барлық салада игеріп, адамның жақсы өмір сүруіне мүмкіндік беру. Білім саласы бүкіл адамзатқа ортақ игілік. Ұрпағымыздың жарқын болашағы – білімде.
Жанна Әділханова,
ЖОО дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушысы
ҒЫЛЫМҒА БАҒДАРЛАНҒАН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР
Конституциялық комиссияның кең әрі теңгерімді құрамы, сондай-ақ оның ашық әрі инклюзивті жұмыс форматы ғылыми саясатты қалыптастырудың заманауи қағидаттарына толық сәйкес келеді және жаратылыстану ғылымдарының дамуына берік институционалдық негіз қалайды. Қоғамдық талқылаудың көпдеңгейлі сипаты ғылыми қауымдастықтың, зерттеу ұйымдарының және салалық сарапшылардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеруге мүмкіндік беріп, дәлелге негізделген шешім қабылдау мәдениетінің нығаюына ықпал етеді.
Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым және инновация салаларына басымдық берілуі, сондай-ақ цифрландыру мен технологиялық дамудың стратегиялық бағыт ретінде айқындалуы жаратылыстану ғылымдарының инфрақұрылымын жаңғыртуға, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға және олардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге қолайлы құқықтық әрі стратегиялық алғышарттар қалыптастырады. Бұл өз кезегінде ғылыми кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге, заманауи зертханалық базаны дамытуға және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, аталған конституциялық реформа ғылымға бағдарланған мемлекеттік саясатты институционалдық тұрғыдан нығайтып, жаратылыстану ғылымдарының тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуына қолайлы әлеуметтік-құқықтық орта қалыптастырады.
Амангелді Нұргүл,
ЖОО дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушысы, PhD
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ӘДІЛДІКТІҢ КЕПІЛІ
Жаңа Конституция еліміздің құқықтық және демократиялық дамуын одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды стратегиялық құжат болып табылады. Онда адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін арттыру мәселелері жүйелі түрде көрініс тапқан.
Құжат билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара жүйесін нығайтуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту арқылы халықтың ел басқару ісіне қатысу деңгейін арттыру және қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту көзделген. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, әділдік пен заңдылық қағидаттарын орнықтыруға және еліміздің ұзақ мерзімді, орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған деп есептеймін.
Ешимов Мұхтар,
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің дамуында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Адам құқықтары мен бостандықтары оның алғы сөзінде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы ретінде алғаш рет жарияланды.
Жаңа Конституция азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын арттырып, құқықтарды қорғау тетіктерін күшейтеді. Сондықтан оны құрметтеу еліміздің болашағына сеніммен және жауапкершілікпен қарауды білдіреді.
Ата Заңның жаңа мәтініндегі негізгі идеялар білім мен ғылымды, мәдениетті және инновациялық дамуды басты басымдық ретінде айқындаумен ерекшеленеді. Сонымен бірге цифрландыру бағытына ерекше мән берілген. Конституция ел болашағының табиғи және минералдық ресурстармен емес, ең алдымен адами капиталдың сапасымен, азаматтардың білімімен, жетістіктері мен шығармашылық әлеуетімен өлшенетінін көрсететін маңызды тұжырымдамалық бетбұрыс болып табылады.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы Тәуелсіз еліміздің Ата Заңы ретінде мемлекеттің саяси-құқықтық құрылымын жаңғыртып қана қоймай, құқықтық, әлеуметтік және демократиялық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған стратегиялық мәні бар құжат болып табылады.
Әмірханов Марат Болысбекұлы,
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ
Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жаңа Конституция жобасын жариялады. Ұсынылып отырған құжат кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Комиссия мүшелері жобаның қолданыстағы негізгі заңды айтарлықтай жаңартуды көздейтінін және мазмұны жағынан жаңа Конституцияға пара-пар екенін атап өтті.
Жобада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы, сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дін аралық келісім Қазақстан мемлекеттік ісінің негізі екені айқын көрсетілген. Конституция жобасында егемендік, тәуелсіздік және аумақтық тұтастық ешқашан өзгермейтін құндылықтар ретінде енгізілген. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидалары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмекші. Жаңа жобада этносаралық және конфессияаралық келісімге басымдық берілетіні де атап өтілген. Сонымен қатар Конституциялық комиссия мемлекет болашағы табиғи ресурстардан емес, адами капиталдан қалыптасатынын мәлімдеген.
Ата заңның жаңа нұсқасына цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау туралы өзгерістер де енгізілмек. Конституцияда дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру жүйесінің зайырлы сипаты бекітіледі.
Жаңа Ата Заң жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылған. Бүгінгі таңда медицина ғылымының дамуы тек ғылыми прогресс емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік пен орнықты денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Конституцияның жаңа жобасында ғылым мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде қарастырылғаны қуантады.
Райхан Дүйсенбаева,
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы