Адам – мемлекеттің басты құндылығы: жаңа Конституция философиясыFarabi University

Адам – мемлекеттің басты құндылығы: жаңа Конституция философиясы

3 ақпан, 2026

Конституциялық реформа бойыншакомиссиясының Қазақстан Республикасының жаңаКонституциясының жобасын дайындап, ұсынуыелдің дамуындағы маңызды қадам деп санаймын. Бұл қадам әлемдегі демократиялық үдерістерге сай келеді және оның қағидаттарын нығайтуға, адамқұқықтарын қорғауға және мемлекеттік басқарудыңинституционалдық негіздерін жетілдіругебағытталған. Абай Құнанбайұлының «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» жазғанындай, адам құндылығы кез келген прогрессивті қоғамның өзегінде болуы керек екенін атап өтеді.

Құжаттың кең қоғамдық талқылау арқылыдайындалғаны ерекше маңызды деп есептеймін, өйткені, әзірлеу үдерісінде азаматтардың, саясипартиялардың, сарапшылардың және қоғамдықұйымдар өкілдерінің ұсыныстары ескерілген. e-Otinish және eGov сияқты мемлекеттік цифрлықплатформалар арқылы екі мыңнан астам бастамаұсынылған, сәйкесінше бұл үдеріске қоғамныңжоғары дәрежеде қатысқандығын көрсетеді.

Осы конституциялық реформа туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордақаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында мәлімдеген болатын. Мұндағы негізгіөзгерістердің бірі - бес жылдық мерзімгепропорционалды жүйе бойынша сайланатын 145 депутаттан тұратын бір палаталы парламентке - Құрылтайға көшу. Бұл саяси партиялардың рөлінкүшейтіп, азаматтардың мүдделерінжауапкершілікпен қорғауды қамтамасыз етуі керек. Менің ойымша, жаңа Конституция жобасындамемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде адамқұқықтары мен бостандықтарына ерекше назараударылады. Негізгі Заңда жеке тұлға - оның өмірі, құқықтары және қадір-қасиеті мемлекеттіксаясаттың негізгі бағыты ретінде бекітілген. Бұлмемлекеттік мүдделердің басымдығынан жекемүдделердің басымдығына ауысуды білдіреді жәнесот қорғауын күшейтуді, мемлекеттік органдардыңәрекеттеріне шағымдану тетіктерін кеңейтуді жәнеүкіметтің жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Сондай-ақ, мемлекеттіліктің негізгіқағидаттарынегемендікті, тәуелсіздікті, аумақтықтұтастықты және біртұтастықты бекіту маңыздыдеп санаймын. Бұл ережелер ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдісыртқы және ішкі қауіптерден қорғауғабағытталған.

Адами капиталды дамытуға баса назараударылған, білім беру, ғылым, мәдениет жәнеинновациялар Қазақстанның тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігіндегі стратегиялықфакторлары болып саналады. Осы тұрғыдаАбайдың ұлттық прогрестің негізі ретінде үздіксізбілім алуға және өзін-өзі жетілдіруге шақыратын«Ғылым таппай мақтанба» деген сөздері ерекшеөзекті, яғни бұл салалардың конституциялықбекітілуі білім экономикасын дамыту жәнеинновациялық қызметті қолдау үшін негіз болады.

Мен цифрлық ортада азаматтардың құқықтарынқорғауды реттейтін нормалардың пайда болуын да маңызды деп санаймын. Жеке деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік және онлайн құпиялылықмәселелері алғаш рет Конституциялық деңгейдеқарастырылуда. Бұл құқықтық жүйенің заманауицифрландыруға бейімделуін және электрондықүкіметтің дамуын көрсетеді.

Жобадағы маңызды жаңалықтарға вице-президент лауазымын құру және заң шығарубастамасы құқығы бар жоғары кеңесші орган - Қазақстан Заң кеңесін құру да кіреді. Бұлөзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігінарттыруға және қоғамның қатысу тетіктерінкеңейтуге бағытталған.

Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы жан-жақты және прогрессивті деп санаймын. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Абай атамыз айтқандай, дәл осы Конституцияның жаңартылуыбүгінде әділетті, құқықтық және заманауи мемлекетқұру жолындағы қадам ретінде қарастыруғаболады.

 

Андабаева Гульмира Кенжегалиевна,

э.ғ.к., доцент-зерттеуші,

Экономика кафедрасы,
Экономика және бизнес жоғары мектебі,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ