«Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар»
21–22 қараша күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен «Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар» халықаралық хакатонына кафедрамыздың студенттері қатысып, өз білімдері мен дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бастамасын қолдауға бағытталған. Сонымен бірге хакатон Президенттің Жолдауында айтылған цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асыруға үлес қосады.
Жоба Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті және Нийде технопаркі арасындағы екіжақты келісім аясында ұйымдастырылды. 24 сағаттық үздіксіз жарыстың басты мақсаты – қысқа мерзім ішінде командамен бірге инновациялық IT шешімдер әзірлеу.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, ұйымдастырушылар тарапынан университет ректорына алғыс хат табысталды.
Басқа жаңалықтар