Қытайтану кафедрасының докторанты қытай әдебиетіндегі «Тамырды іздеу» ағымының идеологиялық негіздеріне арналған ғылыми семинар өткіздіFarabi University

Қытайтану кафедрасының докторанты қытай әдебиетіндегі «Тамырды іздеу» ағымының идеологиялық негіздеріне арналған ғылыми семинар өткізді

31 қаңтар, 2026

2026 жылғы 30 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Қытай әдебиетіндегі “Тамырды іздеу” ағымының негізгі идеологиялық бағыттары мен қағидаттары» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны 8D02305 – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Сәрсембаева Фариза Нурдилдаевна ұйымдастырды.

Ғылыми семинар қытай әдебиетінің даму ерекшеліктерін талдауға арналған өзекті әрі маңызды тақырыпты қамтыды. Аталған мәселе қазіргі таңда қытай әдебиетін зерттеуге қызығушылық танытып жүрген жастар үшін ерекше мәнге ие. Семинар барысында қытай әдебиетінің ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы дамуы, сол кезеңде қалыптасқан жаңа бағыттар, ағымдар мен стильдер және олардың әдеби үдерістегі орны жан-жақты қарастырылды. Бұл кезеңдегі көркем туындылардың мазмұндық тереңдігі мен көркемдік ерекшеліктері оқырманды өзіне тартып, қытай әдебиетін көпқырлы даму арнасына бағыттағаны атап өтілді.

Сондай-ақ қазіргі қытай әдебиетінің өзекті әлеуметтік және мәдени мәселелерді көтеріп, әлемдік әдеби үдерістерге ықпал етіп отырғаны ерекше назарға алынды. Қытай тілі мен әдебиетінің бүгінде жастар арасында жаһандық трендке айналуы әдеби шығармаларды тіл үйренумен қатар меңгерудің күрделі, бірақ маңызды міндет екенін көрсетеді.

Семинар барысында ұсынылған ғылыми тұжырымдар мен пікірлер теориялық тұрғыдан да, практикалық қолданым тұрғысынан да құнды болып, оқу үдерісі мен зерттеу жұмыстарына пайдалы бағыт-бағдар берді. Іс-шара пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа ғылыми идеяларды ұсынуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналып, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.