2 ақпан күні сағат 17:00-де география және табиғатты пайдалану факультетінің Студенттік Деканат және Ұйым басшыларымен жиналыс өттіFarabi University

2 ақпан күні сағат 17:00-де география және табиғатты пайдалану факультетінің Студенттік Деканат және Ұйым басшыларымен жиналыс өтті

4 ақпан, 2026

Іс-шара факультет әкімшілігі мен Студенттік Деканат және Ұйым басшылардың   арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.

Кездесуге әлеуметтік-тәрбие жұмыс жөніндегі деканның орынбасары Айжан Муратовна Рыскельдиева және Студенттік Деканат Командасы,Ұйым басшылар қатысты. Кездесу барысында студенттік активпен танысу жүргізіліп, студенттік өмірді және ұйымдардың мақсаты, жатақханада тұруды ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.