ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде цифрлық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша ашық дәріс өтеді. ТДМ 4Farabi University

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде цифрлық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша ашық дәріс өтеді. ТДМ 4

4 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде интернет кеңістігіндегі құпиялылық, цифрлық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелеріне арналған ашық дәріс өткізіледі. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 4 «Сапалы білім» іске асыру аясында ұйымдастырылады.

Дәріс студенттердің заманауи цифрлық құзыреттерін қалыптастыруға, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы хабардарлығын арттыруға және цифрлық ортада жауапты мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Іс-шара барысында интернет архитектурасының бастапқыда пайдаланушылардың құпиялылығын қорғауға бағытталмаған болуының себептері, сондай-ақ осы фактордың қазіргі цифрлық экожүйеге ықпалы қарастырылады. Сонымен қатар метадеректер ұғымына, оларды интернет-провайдерлер, мемлекеттік органдар мен корпорациялар тарапынан жинау тетіктеріне, сондай-ақ дербес деректерді қорғаудың практикалық құралдарына ерекше назар аударылады.

Дәрісті NymVPN компаниясының амбассадоры, орыс тілді қауымдастықтың жетекшісі Ниғматов Эльмурат оқиды. NymVPN — интернеттегі құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шешімдерді әзірлеуге маманданған халықаралық компания. Компанияның штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан.

Дәріс қорытындысы бойынша компания өкілдерінің қатысуымен іске асырылатын білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарына қатысу үшін қызығушылық танытқан студенттерді іріктеу жоспарлануда. Бұл білім алушылардың кәсіби және цифрлық құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.