Қытайтану кафедрасында Қазақстан мен Қытайдың электромобильдер өнеркәсібіндегі ынтымақтастығы туралы ғылыми семинар өттіFarabi University

Қытайтану кафедрасында Қазақстан мен Қытайдың электромобильдер өнеркәсібіндегі ынтымақтастығы туралы ғылыми семинар өтті

3 ақпан, 2026

2026 жылғы 03 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Қытай мен Қазақстан арасындағы электр көліктері саласындағы ынтымақтастық: геосаяси және энергетикалық факторлар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Қытайтану кафедрасы «Шығыстану» мамандығының 3-курс докторанты Лю СиЯоның зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырды.

Семинарға оқытушылар, докторанттар, магистранттар және Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тақырыбына қызығушылық танытқан барлық қатысушылар жиналды. Қатысушылар Қазақстандағы электромобильдер нарығының қазіргі жағдайын, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа геосаяси факторлардың әсері мен ықтимал шешімдерді талқылады.

Докторант Лю СиЯо өзінің зерттеу нәтижелерін ұсынды, онда энергетика мен геосаяси факторлардың электромобильдер саласындағы ынтымақтастыққа әсеріне баса назар аударылды. Өз баяндамасында ол қазіргі уақытта әлем жаһандық энергетикалық ауысу және геосаяси қайта құрылымдау кезеңін бастан кешіріп жатқанын және Қазақстанның ерекше географиялық орналасуы мен энергетикалық артықшылықтары өнеркәсіптік дамуды ілгерілету үшін өте маңызды екенін атап өтті. Докторант Лю СиЯо  сонымен қатар екі ел арасындағы электромобильдер саласындағы ынтымақтастықтың негізгі қиындықтарын талдап, ықтимал шешімдерді ұсынды.

Семинар қорытындысы бойынша осы саладағы зерттеулерді жалғастыру қажеттілігі айтылды.