«Жастардағы моральдық дилеммалар және оларды шешу жолдары»
2026 жылғы 04 ақпан күні Филология факультеті, «Шетел филологиясы және Аударма ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Шетел филологиясы» мамандығының 1-курс докторанты Кеңесхан А.Ш. және топ эдвайзері Моругова Е.А. «6В02304 –Аударма ісі» мамандығының 2-курс студенттерімен «Жастардағы моральдық дилеммалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізді.

Эдвайзерлік сағаттың негізгі мақсаты – жастар арасында кездесетін моральдық таңдаулар мен этикалық мәселелерді талқылау, студенттердің адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін кеңейту және жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында қазіргі қоғамда жиі кездесетін моральдық дилеммалар мысал ретінде ұсынылып, оларды шешудің әртүрлі жолдары талқыланды. Студенттер өз пікірлерін еркін білдіріп, берілген жағдайларға сыни тұрғыдан баға берді. Талқылау барысында адалдық, әділдік, жауапкершілік, өзгенің құқығын құрметтеу сияқты маңызды адамгершілік ұстанымдарға ерекше назар аударылды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттердің белсенді қатысуымен ерекшеленді. Эдвайзерлік сағат өз мақсатына жетіп, тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар