- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таза Қазақстан: экологиялық құқық арқылы қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру
Таза Қазақстан: экологиялық құқық арқылы қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру
«Таза Қазақстан: экологиялық құқық арқылы қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру» тақырыбында 2025 жылдың 5 ақпан күні заң факультетінде іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараны кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырды, ал іс-шараның ашылу рәсімін кафедра меңгерушісі Г.А. Куаналиева жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты - студенттердің экологиялық құқық саласындағы білімдерін тереңдету, қоршаған ортаны қорғауға деген азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды.
Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, белгілі заңгер-ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор А.А. Исаев, сондай-ақ кафедра оқытушылары Г.К. Рашева, А.А. Есекеева, К.А. Бахманова белсенді түрде қатысты.
Кездесу барысында қазіргі экологиялық саясаттың өзекті мәселелері, табиғатты ұтымды пайдалану мәдениеті, экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды. Студенттер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, болашақ заңгер ретінде экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың құқықтық негіздері жөнінде ой алмасты.
Іс-шараға заң факультетінің 3-курс студенттері белсенді қатысып, экологиялық құқықтың қоғамдағы рөлі мен маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды. Бұл бастама студенттердің құқықтық санасын арттырумен қатар, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.