- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ АЯСЫНДА ОҢТҮСТІК АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ АЯСЫНДА ОҢТҮСТІК АЗИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Шығыстану факультетінде Урду тілі мен әдебиеті бөлімі және Алматы қаласының ЖОО-да білім алып жүрген пәкістандық студенттердің қатысуымен «Оңтүстік Азиядағы мәдениетаралық коммуникация: шығыстану студенттерінің тәжірибесі» атты семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, халықаралық академиялық және мәдени тәжірибе алмасуды кеңейту, сондай-ақ Оңтүстік Азия өңірінің мәдени ерекшеліктерін таныстыру болды.
Семинар барысында қатысушылар Оңтүстік Азия елдерінің мәдени дәстүрлері, тілдік ерекшеліктері және мәдениетаралық қарым-қатынастың қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлі туралы баяндама жасады. Сонымен қатар студенттер шетелде білім алу тәжірибелерімен бөлісіп, мәдени айырмашылықтарды түсіну мен өзара құрмет қалыптастыру мәселелерін талқылады. Іс-шара аясында урду тілі мен әдебиеті бөлімінің 2 курс студенттері мен пәкістандық студенттер арасында мәдени коммуникациядағы білімнің маңыздылығы қарастырылып, пікірталас және сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.
Семинарға шығыстану мамандығының студенттері, профессор-оқытушылар құрамы және шетелдік студенттер белсенді қатысты. Қатысушылар халықаралық білім беру кеңістігінде мәдени диалогты дамыту академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының репортаж түсіру тобы қатысып, семинар барысын ақпараттық түсірілімге алды. Түсірілім барысында қатысушылардың баяндамалары, пікірталас сәттері және семинардың негізгі кезеңдері қамтылды. Сонымен қатар түсіру тобы студенттер мен қатысушылардан сұхбат алып, мәдениетаралық білім беру, халықаралық академиялық тәжірибе және жастар арасындағы мәдени диалогтың маңыздылығы туралы пікірлерін жазып алды.
Іс-шараның бейнерепортажын келесі сілтеме арқылы көруге болады: Seminar
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының ТДМ 4 – Сапалы білім беру бағыты бойынша жүзеге асырылды. Семинар студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін арттыруға, халықаралық академиялық тәжірибе алмасуды дамытуға және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталды. Сонымен қатар іс-шара ТДМ 17 – Тұрақты даму мақсаттары жолындағы серіктестік аясында халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті және ТДМ 10 – Теңсіздікті азайту қағидаттарына сәйкес әртүрлі ел студенттері арасындағы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Урду тілі бөлімінің меңгерушісі
Жарбосынова Н.Д.
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU #SDG4 #QualityEducation #SDG17 #PartnershipsForGoals
Басқа жаңалықтар