Болашаққа бағдар: қаржылық сауаттылықFarabi University

Болашаққа бағдар: қаржылық сауаттылық

5 ақпан, 2026

«Болашаққа бағдар: қаржылық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел форматында пікір алмасу іс-шарасы өтті. Аталған кездесуге «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері белсенді қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке бюджет жүргізу, табыс пен шығысты тиімді жоспарлау, қаржылық тәуекелдерді дұрыс бағалау және болашаққа саналы экономикалық көзқарас қалыптастыру болды.

Талқылау барысында студенттер өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, қаржыны басқарудағы жеке тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, кредит, жинақ, инвестиция және қаржылық жауапкершілік мәселелері төңірегінде нақты мысалдар келтіріліп, өзекті сұрақтар талқыланды.

Бұл іс-шара Тұрақты дамудың 1-мақсаты – кедейлікті жоюмен тікелей байланысты. Себебі қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы жастардың табысын дұрыс басқару, қарызға тәуелділікті азайту және болашақта әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкіндігі кеңейеді. Осы тұрғыдан алғанда, дөңгелек үстел студенттердің жауапты қаржылық мінез-құлқын қалыптастыруға және кедейліктің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.