«Әскери прокуратура органдарындағы қызмет: тәжірибе, сын-қатерлер және перспективалар»Farabi University

«Әскери прокуратура органдарындағы қызмет: тәжірибе, сын-қатерлер және перспективалар»

9 ақпан, 2026

  Гвардейск гарнизонының әскери прокурорының орынбасары, әділет полковнигі Сұлтанқұлов Алпамыс Владимирович заң факультетінің 2 және 3 курс студенттері үшін қонақ дәріс өткізді.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдары қызметінің өзекті мәселелері, Қарулы Күштердегі прокурорлық қадағалаудың ерекшеліктері, сондай-ақ әскери саладағы әскери және өзге де қылмыстарды тергеу мен алдын алу мәселелері қарастырылды. Әсіресе әскери қызметшілердің құқықтарын сақтау, әскери тәртіпті қамтамасыз ету және әскердегі құқықтық тәртіпті нығайтудағы әскери прокуратураның рөліне ерекше назар аударылды.

Әділет полковнигі Сұлтанқұлов А.В. әскери прокуратура органдарындағы қызмет тәжірибесімен бөлісіп, құқық қолдану тәжірибесінен мысалдар келтірді, сондай-ақ студенттердің прокуратура органдарына қызметке қабылдану және әскери прокурорлардың кәсіби даярлығы мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.