«Қытай тілі бұрышы» отырысында Қытай Жаңа жылы талқыланды
Қытайтану кафедрасы жанындағы «Жібек жолы» студенттік үйірмесі аясында ұйымдастырылған «Қытай тілі бұрышы» өз жұмысын жалғастыруда. Бірінші курс студенттерінің куратор-эдвайзері Байсерке Айжанның жетекшілігімен 3 ақпан күні өткен кезекті отырыс Қытайдың дәстүрлі Жаңа жыл мерекесіне арналды.
Іс-шара барысында қытайлық студенттер Қытай Жаңа жылын атап өту дәстүрлері мен ұлттық әдет-ғұрыптары туралы мазмұнды мәліметтермен бөлісті. Өз кезегінде қазақ студенттері қазақ халқының дәстүрлі Жаңа жылы – Наурыз мейрамының ерекшеліктері жөнінде айтып, екі халықтың мәдени ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырды.
Отырыс барысында студенттер Жаңа жыл тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен тілдік қолданыстарды меңгеріп, тілдік қорларын толықтырды. Танымдық және мәдени мазмұны жоғары болған бұл кездесу екі елдің студенттері үшін де пайдалы әрі мазмұнды өтті.
Басқа жаңалықтар