"Конституциялық өзгерістер: әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері"Farabi University

"Конституциялық өзгерістер: әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері"

9 ақпан, 2026

2026 жылғы 9 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Конституциялық өзгерістер: әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының өкілдері – заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Қ.Н. Алихан және заң ғылымдарының кандидаты А.Ж. Жарболова қатысты.

Құттықтау сөзді Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректор Еркін Ерманұлы Дүйсенов сөйледі.

Спикерлер мен қатысушылар қатарында:
* ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жарқынбек Амантайұлы (онлайн)
* ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Максим Николаевич Рожин (онлайн)
* Алматы облыстық мәслихатының депутаты Дәулет Жамалбекұлы Жарасбаев (офлайн)
* Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бақытбек Әшімұлы Жұмабаев (офлайн)
* Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Бекжан Батырбекұлы Сүнбеков (офлайн)

Дөңгелек үстелде жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, институционалдық өзгерістер және олардың мемлекет пен қоғам дамуы үшін маңызы талқыланды. Іс-шара сараптамалық диалог пен құқықтық мәдениетті нығайтуға арналған маңызды алаң болды.