Алматы қалалық AMANAT партиясы филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өттіFarabi University

Алматы қалалық AMANAT партиясы филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

9 ақпан, 2026

Кеңес жұмысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, AMANAT партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі К.Р. Усеинова қатысты.

 

Отырыста Алматы қаласы Полиция департаментінің 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысының қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы есебі тыңдалды. Жиын Алматы қаласы мәслихатының депутаты З. Өмірбаева төрағалығымен, Кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі нәтижелері талқыланып, азаматтардың сенімін арттыру, ішкі бақылауды күшейту және қоғаммен ашық диалогты дамыту қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ Кеңес жұмысының тиімділігін арттыру, БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.