ОТШТРО бойынша өткен әдістемелік семинарFarabi University

ОТШТРО бойынша өткен әдістемелік семинар

9 ақпан, 2026

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушысы А. Оспан "Методика работы с художественным аутентичным текстом в РКИ" тақырып аясында орыс тілін шет тілі ретінде оқыту барысында көркем аутентикалық мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Ол шетелдік тыңдаушыларға әдеби мәтіндерді ұсынудың жолдарын, сондай-ақ мәтінмен жұмыс істеудің түрлі формаларын жан-жақты түсіндірді.

Баяндамашы арнайы сұрыпталып алынған көркем шығармаларды оқу үдерісінде қалай тиімді қолдану керектігін нақты мысалдар арқылы көрсетті. Сонымен қатар кейбір жағдайларда шығарма мәтіндерін бейімдемей, түпнұсқа қалпында берудің де маңыздылығын атап өтті.

Кафедра оқытушылары тақырып төңірегінде белсенді сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша мазмұнды әрі тұшымды жауаптар алды.