Азаматтық қоғам қағидатының басты шарттары
Мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы, қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарыекені конституциямызда айқын белгіленген. Ал, біздің мақсатымызконституциямыздағыүшінші бапта көрсетілген елдік қағидатымыз дәстүрімізге сай қоғамдық татулықты қамтамасыз ететін, саяси тұрақтылыққа берік, мәңгілік елдікті жасақтауболып табылады. Міндетіміз - біздің қағидаттарымыз бен құндылықтарымызға, сондай-ақ ұлттық мүдделерімізге сәйкес келетін, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық сапалы даму, алға жылжу жолын табуды қамтамасыз етуіміз керек. Ел үшін ауыр болатын қауіпті жағдайлардан аулақ болып, прагматикалық, ақылға қонымды және тұрақты даңғыл жол салуымызкерек.
Егемендікті сақтау менТәуелсіздікті қорғаунегіздеріретінде қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелерін заманауи алдыңғы қатарлы әлем тәжірибелеріне сүйеніп, ұтымды шешкен дұрыс. Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен халықтың пікіріне сүйеніп, таңдаған абзал. Әр азамат Отанға деген сүйіспеншілігін нақты іспен көрсету керек. Тәуелсіздік қадір-қасиетін терең сезініп, оны бағалай білуі керек.
Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудемократиялыққұндылықтардың мызғымас шарты. Бұл қағидат сақталған мемлекетте заң мен тәртіп үстемдігі орын алады. Тұтас жалпыұлттық бірлік нығаяды.
Сонымен бірге, халықтың әл-ауқатын арттыружолы бұлшаруашылық іскерлікке мән беру, адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу. Жауапты әрі жасампаз, еңбексүйгіш, отаншылазамат әділетті, адал, мәдениеті жоғары жан болып қалыптасады. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері , барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезіну керек.
Мемлекетіміздің Прогрессі - идея мен инновация, IT- озық технологияларға негізделген білім экономикасын құру арқылы жаппай цифрланған және жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамыған елге айналуға тиіс. Білім, ғылымқұндылықтарын бекіту үшін әлемнің озық тәжірибесін отандық менталитетімізге сай бүлдіршін жас буыннан бастап мектеп қабырғасыдағы білім жүйесі мен ЖОО білім жүйесіне дейін жоғары талапта қайта жаңғырту қажет. Сапалы білім беру,ресурстық базасын қайта жасақтау, кәсіби деңгейі жоғары маман дайындау басты приаритетболуы керек.
Талғат Пазылбекұлы Табеев
аға оқытушы
Экономика кафедрасы
Экономика және бизнес жоғары мектебі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Басқа жаңалықтар