- Басты бет
- Жаңалықтар
- Достықта жоқ шекара: қазақ пен қырғыз достығы білім саласында күн санап артып келеді
Достықта жоқ шекара: қазақ пен қырғыз достығы білім саласында күн санап артып келеді
ТДМ-4 2026 жылдың 2 ақпанында журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасына И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, журналистика бөлімінің 2-курс студенттері: Эмилбеккызы Үмүт, Мелисова Кадича, Адилетова Айсунат, Канатбекова Айсезим, Мундузбекова Саламат, Джайнакова Айзада, Төрөбаев Артур мерзімі 1 ай кәсіби-оқу тәжірибесінен өтуге келді.
Оларды бағыт-бағдар беру мақсатында аға оқытушы Әлім Әсел мен «6B03206 – Медиакоммуникация» мамандығының 2-курс студенті Намаз Лағыл басшылыққа алады.
Олар алғашқы күні факультеттің тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа үлгімен жабдықталған аудиторияларды аралап көреді.
3 ақпаннан бастап олар «Жоғары білім берудегі медиа және коммуникация: оқыту, білім алу және цифрлық трансформация» атымен өтіп жатқан Қысқы мектептің белсенді тыңдаушылары.
7 ақпан күні қырғыз студенттері тағайындалған жетекшілерімен бірге Самал-1 ықшамауданында орналасқан Орталық мемлекеттік музейге барады.
Музей қорында Қазақстанның көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихын қамтитын құнды жәдігерлер сақталған. Экспозициялар археология, этнография, нумизматика, қолданбалы өнер, тәуелсіз Қазақстан тарихы сияқты бағыттарды қамтиды.
Музей үш қабаттан тұрады, бірінші қабаты «Палеонтология және археология залы» деп аталады, екінші қабаты «Тарихи этнография залы», мұнда қазақ халқының және басқа да этностардың қару-жарағы, ұлттық киімдері, тұрмыс құралдары көрсетілген. Қырғыз студенттері нумизматика ғылымы зерттейтін көне ақша белгілерін (монеталар, медальдар, жетондар, банкноттар) көргенде эмоциялық-психологиялық әсерін жасыра алмады.
Әсіресе, Төрөбаев Артур көне түркі жазулы тас ескерткіштерді көргенде Қырғыз зерттеушілері Орхон–Енисей жазбаларын ғылыми тұрғыда зерделеуде екендігін айтты.
Мундузбекова Саламат көне сыбызғы мен шаңқобызды көргенде қырғыз тіліндегі олардың атауы сыбызгы және ооз комуз екендігін жеткізді.
Студенттер 3-қабатта өнер туындыларынан тұратын Галереяда А. Пудовкиннің картонға майлы бояумен салынған «Самарканд. Биби-ханум» картинасын өте әсем деп ұнатты.
Қырғыз қонақтары Қазақстанның тарихи-мәдени байлығына тәнті болды.
Басқа жаңалықтар