ЦУР–4: Театр – сапалы білім мен рухани дамудың кеңістігіFarabi University

ЦУР–4: Театр – сапалы білім мен рухани дамудың кеңістігі

10 ақпан, 2026

2026 жылғы 7 ақпан күні сағат 18:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің Электроника және астрофизика кафедрасының «Өндірістік электроника және басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері және топ кураторы Каппарова А.А. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Әпке» атты қойылымды тамашалады.

Аталған мәдени іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім беру» бағытына сәйкес ұйымдастырылды. ЦУР–4 тек академиялық біліммен шектелмей, тұлғаның жан-жақты дамуын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды, мәдени және эстетикалық тәрбиені қамтиды. Театрға бару студенттердің көркем ойлау қабілетін дамытып, ұлттық мәдениетке құрметін арттыруға және қоғамдық санасын қалыптастыруға ықпал етті.

Қойылым мазмұны арқылы студенттер адамгершілік, жауапкершілік және отбасы құндылықтары жөнінде ой бөлісіп, мәдени-рухани тәжірибе жинақтады. Мұндай іс-шаралар университет қабырғасында сапалы білім беруді тұлғалық дамуымен ұштастыруға мүмкіндік береді.