2026 жылғы 7 ақпанда Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының 2 курс студенттері Габит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер театрына барып, ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында «Әпке» спектаклін тамашалады. Аталған іс-шара білім беру үдерісінің маңызды бөлігіне айналып, студенттердің кәсіби ойлау қабілетін, рухани құндылықтарын және мәдени санасын дамытуға ықпал етті. Бұл — сапалы білімнің ажырамас құрамдас бөлігі.

Спектакльдің негізгі идеясы — жауапкершілік, өзін-өзі құрбан ету және әйел адамның отбасы мен қоғамдағы рөлін ашып көрсету. «Әпке» қойылымы кіші бауырларына қамқор болуды өз мойнына алып, отбасы үшін жеке бақытына құрбандық жасаған басты кейіпкердің тағдырын терең әрі әсерлі түрде бейнелейді. Әпке бейнесі арқылы студенттер ерте есейіп, өмірлік міндеттердің ауыр жүгін арқалауға мәжбүр болған адамның қаншалықты мықты бола алатынын түсінді.
Қойылым махаббат, парыз, сабырлылық және ішкі рухани күш сияқты маңызды адами құндылықтарды қозғады. Көтерілген тақырыптар көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырып, кейінгі талқылауға негіз болды. Бұл студенттерге әлеуметтік және мәдени шындықтарды, сондай-ақ қазақ халқының менталитеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Театрға бару — кафедраның студенттерді ұлттық мәдени мұрамен таныстыру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған бағдарламасының бір бөлігі. Аталған іс-шара білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, көркем мәтінді талдау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Бұл дағдылар болашақта филология және аударма ісі саласындағы кәсіби қызметтері үшін аса маңызды.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Аушенова А.С.
Басқа жаңалықтар