Мұқағали Мақатаев мұрасы – сапалы білім мен рухани тәрбие өзегіFarabi University
Референдум 15 марта

Мұқағали Мақатаев мұрасы – сапалы білім мен рухани тәрбие өзегі

10 ақпан, 2026

Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған мәдени-танымдық іс-шаралар аясында ТДМ №4 «Сапалы білім беру» бағыты бойынша Философия және саясаттану факультеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Болтаева А.М., Қалымбетова Э.К., Баймолдина Л.О., Жолдасова М.К., Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты бас Ахметжанова Л.Б. маманының қатысуымен Мұқағали Мақатаев атындағы музейге танымдық экскурсия жасады. Аталған шара Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Аязбаева Б.Б.-ның ұйымдастыруымен өтті.
Экскурсия барысында қатысушылар ақынның тағдырлы ғұмыры, шығармашылық жолының қалыптасу кезеңдері, поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар, ұлттық болмыс пен отан сүйгіштік идеялары жөнінде мазмұнды мағлұматтармен танысты. Музей қорындағы бірегей жәдігерлер – қолжазбалар, сирек фотосуреттер, жеке заттар арқылы Мұқағалидың тұлғалық болмысы мен шығармашылық әлемімен  жан-жақты танысты.