- Басты бет
- Жаңалықтар
- Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өтті
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өтті
2026 жылғы 10 ақпанда Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының доцент-зерттеушісі, Шығыстану факультеті диссертациялық кеңесінің ғалым хатшысы Н.Н.Кайранбаева «Докторанттың диссертация қорғауға шығуындағы құжаттық талаптар және оларды рәсімдеу тәртібі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – докторанттарды диссертацияны қорғауға ұсыну барысында қойылатын құжаттық талаптармен таныстыру, құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндіру және қорғау процесінде жиі кездесетін ұйымдастырушылық мәселелердің алдын алу.
Семинар барысында диссертация қорғауға шығудың нормативтік-құқықтық негіздері, қорғауға ұсынылатын негізгі құжаттар пакеті, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ қорғау алдындағы рәсімдік кезеңдер жан-жақты қарастырылды. Қатысушыларға құжаттарды дайындау кезінде жиі жіберілетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.

Іс-шараға докторанттар, ғылыми жетекшілер және академиялық қызметкерлер қатысты. Семинар соңында сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылардың өзекті сауалдарына толыққанды жауап берілді.
Аталған ғылыми семинар докторанттардың диссертация қорғауға дайындық деңгейін арттыруға және рәсімдік талаптарды дұрыс орындауына бағытталған маңызды іс-шара ретінде өтті.
Н.Кайранбаева
Басқа жаңалықтар