«Қыстық мектепте-2026» - жаңа дағдыларды меңгеруге көмектесетін жоба
ТДМ-3 3-13 ақпан аралығында өтетін «Жоғары білім берудегі медиа және коммуникация: оқыту, білім алу және цифрлық трансформация» атты Қысқы мектебінің алғашқы күні әл-Фараби кітапханасының 409 залында сәтті басталды.
Модераторлары журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай және Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Әлжанова болды, қысқы мектептің ашылуымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алина Галеева мен БҰҰ Қазақстандағы Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Ақпарат бюросының жетекшісі Властимил Самек құттықтады.
Спикерлер: «Қазақстан баспасөз клубының» президенті Асель Караулова, «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек, «Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы Асыл Ұланұлы, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы, Ресей Федерациясы Коломна қаласындағы ГСГУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Татьяна Капырина «Ауызша сөйлеу шеберлігі: көркем сөз өнері» тақырыбындағы дәрісімен онлайн байланысқа шықты.
Қысқы мектептің екінші күні де Zoom платформасында PR менеджер, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы Азел Жәнібектің «БАҚ және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік», Dar Tech компаниясының UX-локализация маманы, журналист Жадыра Аққайырдың Қазақы UX: аудармасы қисық интерфейсті жатық кылудың жолдары», PhD Айкерім Әлімжанованың «Қазіргі коммуникацияның негізгі формалары және семиотикалық талдау моделі», «Раіym Media» бас редакторы Ақжарқын Қыдырханованың «Онлайн медиадагы ғылым такырыбы: редакция жауапкершілігі мен аудитория талабы арасындағы тепе- теңдік», аға оқытушы Әсел Әлімнің «Ғылыми зерттеу әдістері» пәніндегі конструктивті-эксперименттік мысалдар» дәрістерімен жалғасын тапты.
Басқа жаңалықтар