ТДМ 4. Сапалы білімFarabi University

ТДМ 4. Сапалы білім

10 ақпан, 2026

Аталған сабақ Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты – «Сапалы білім беру» аясында өткізілді. Сабақты тарих факультетінің түлегі, қазіргі таңда Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасында практикадан өтіп жүрген маман Утемиова Айзере өткізді. Сабақ барысында студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға ерекше көңіл бөлінді. Практиканың негізгі мақсаты – болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттыру, педагогикалық дағдыларын қалыптастыру және білім беру сапасын жетілдіру болды. Сабақ студенттердің пәнге қызығушылығын арттырып, оқу үдерісінің тиімділігін күшейтуге бағытталды.