Тұрақты даму жолындағы -Таза Қазақстан
2026 жылғы 12 ақпанда Экономика және Бизнес жоғары мектебі, Бизнес және технология кафедрасы ұйымдастыруымен «Тұрақты даму жолындағы – Таза Қазақстан» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және тұрақты даму қағидаларын насихаттау болды.
Іс-шара барысында «Таза Қазақстан» бастамасының ел экологиясын жақсартудағы рөлі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, жасыл технологияларды дамыту, экологиялық жауапкершілікті арттыру және тұрақты экономиканы қалыптастыру бағыттары талқыланды.
Бұл жоба студенттердің экологиялық ойлау қабілетін дамытуға, қоғамдағы табиғатты қорғау мәдениетін нығайтуға және тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталды.
Біз, «6В11301-Логистика (сала бойынша)» мамандығы, К1 тобының 2 курс студенттері, экологиялық бастамаларды қолдай отырып, қоршаған ортаны қорғауға әр азаматтың үлесі маңызды екенін насихаттауға өз үлесімізді қостық.
Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Шарапиева М.Д.
Басқа жаңалықтар