- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жасанды интеллект және педагогикалық коммуникация: жаңа өзара әрекеттесу моделі
Жасанды интеллект және педагогикалық коммуникация: жаңа өзара әрекеттесу моделі
Магистранттарға арналған ашық семинар сабағы өткізілді.
Семинар тақырыбы — «Педагогикалық коммуникация стратегиялары (диалог, ынтымақтастық, қолдау)». Іс-шара интерактивті форматта офлайн және онлайн (Zoom) түрінде ұйымдастырылды.
Семинарды Сүлейменова Р.М., 1 курс докторанты (8D01802 – Әлеуметтік педагогика) педагогикалық практика аясында жүргізді. Пәні — Инклюзивті және коммуникативті өзара әрекеттесу теориясы мен әдістемесі. Пән оқытушысы — Жумабекова К.Б., аға оқытушы, PhD.
Семинар барысында қатысушылар педагогикалық коммуникацияның тиімді стратегияларын талқылап, диалог, ынтымақтастық және қолдау тәсілдерін тәжірибелік тапсырмалар арқылы меңгерді. Іс-шара 2026 жылдың 11 ақпанында, ФМО–116 аудиториясында өтті.
Жумабекова К.Б., аға оқытушы, PhD., Сүлейменова Р.М., 1 курс докторанты (8D01802 – Әлеуметтік педагогика)
Басқа жаңалықтар