ТДМ 8 Лайықты жұмыс және экономикалық өсу аясында «Студент және қаржылық сауаттылық» ақпараттық дәрісіFarabi University

ТДМ 8 Лайықты жұмыс және экономикалық өсу аясында «Студент және қаржылық сауаттылық» ақпараттық дәрісі

12 ақпан, 2026

2026 жылғы 12 ақпанда Филология факультетінің студенттері үшін Түркітану және тіл теориясы кафедрасы «Студент және қаржылық сауаттылық» атты ақпараттық дәріс өткізді. Дәрістің негізгі мақсаты - студенттерге жеке қаржыны тиімді басқару, бюджетті дұрыс жоспарлау, шығындарды бақылау, жинақтау және инвестициялау, сондай-ақ қаржылық шешім қабылдауда жауапкершілікті қалыптастыру.

  Дәріс барысында студенттер қаржылық сауаттылықтың негізгі аспектілерімен танысты. Олар жеке бюджетті жоспарлаудың, кіріс пен шығысты дұрыс есептеудің, қажетсіз шығындарды азайтудың маңызын үйренді. Сонымен қатар, қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар үшін жинақтау және инвестициялау жолдары түсіндірілді. Студенттер несие мен қарыздың түрлері, пайыздық мөлшерлемелер, төлем кестесін дұрыс жоспарлау және жауапкершілікпен несие алу мәселелерін талқылады.

    Дәрістің тағы бір маңызды бөлігі – қаржылық қауіпсіздік. Студенттер алаяқтықтан сақтану, банк операциялары мен онлайн төлемдерді қауіпсіз жүргізу, жеке деректерді қорғау ережелерін үйренді. Оқушылар нақты өмірлік мысалдар арқылы қаржылық шешім қабылдаудың салдарын түсініп, жауапкершілік пен қаржылық мәдениетті дамытуға бағытталды.

    Бұл іс-шара ТДМ 8 - Лайықты жұмыс және экономикалық өсу мақсаттарына сәйкес өтті. Дәріс студенттердің экономикалық белсенділігін арттыруға, еңбек нарығында тиімділікті қамтамасыз етуге, қаржылық жауапкершілік пен тәуелсіздікті қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, болашақ маман ретінде қаржылық шешім қабылдаудағы этика мен адалдықты сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.

    Студенттер дәріс барысында сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті, қаржылық жоспарлау мен бюджетті басқару бойынша тәжірибелік кеңестер алды. Дәріс нәтижесінде студенттердің қаржылық сауаттылығы артты, жеке бюджетті тиімді басқару, ақшаны жоспарлы жұмсау және қаржылық қауіпсіздік бойынша нақты дағдылар қалыптасты.

   Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының эдвайзері Ақжигитова Арайлым, Филология факультетінің 1 курс студенттері.