ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ИРАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК МҰРАЛАРЫ» АТТЫ МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІFarabi University

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ИРАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК МҰРАЛАРЫ» АТТЫ МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

13 ақпан, 2026

11 ақпанда шығыстану факультетінде ТДМ-ның 17-ші «Тұрақты даму үшін серіктесік» бағыты аясында Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының ұйытқы болуымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен «Иранның бүкіләлемдік мұралары» атты фотокөрме және дәстүрлі музыкалық кеші өтті. Бұл мәдени шара аясында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Иранның бірегей нысандарының көрмесі ұсынылды. 

Қонақтар Иран өркениетінің жауһарларына бейне-саяхат жасап, Персеполистен бастап, Шуштардың тарихи су жүйелеріне,  бақтар мен көне керуен сарайларына дейінгі Иран сәулет өнері мен өркениетінің даму жолымен таныса алды.

Кеште Иранның танымал «Дарваг» музыкалық ұжымы өнер көрсетті. Бұл ұжым - Иранның дәстүрлі музыкасын сақтай отырып, оны заманауи музыкамен үндестіріп жүрген кәсіби музыкалық топ. Олар ойнаған аспаптардың кейбірі ЮНЕСКО тізіміне енген ирандық мұралар қатарына жатады.

Шараның ең әсерлі бөлімі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енген «Зурхана» (Иранның дәстүрлі батырлар спорты) өнерінің көрсетілімі болды.

Бұл мәдени шара қазақ зиялылары мен студент жастары үшін халықаралық деңгейде танылған Иранның бай мәдениетін тереңірек тануға бірегей мүмкіндік берді. Иранның музыкалық аспаптары мен төл музыкасы тарих қойнауына сүңгіп, халықтар арасындағы терең мәдени байланыстарды паш етті.