Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыныFarabi University

Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны

12 ақпан, 2026

Қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүрек жыршысыМұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орайЭкономика бағдарламасының студенттері 2026 жылдың ақпан айының 11 жұлдызында ақынның сырлы да мұңлы, терең мағыналы өлеңдерін мәнерлеп оқып, рухани кешөткізді.

Бұл шара - жас ұрпақтың әдебиетке дегенсүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ұлттыққұндылықтарды дәріптеуге бағытталады. Ақыншығармалары арқылы адамгершілік, махаббат, отансүйгіштік, табиғатқа жанашырлық сияқты асылқасиеттер насихатталады. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының: 4-мақсаты Сапалы білім (рухани-мәденибілімді дамыту), 11-мақсаты Тұрақты қалалар мен елдімекендер (мәдени мұраны сақтау) және 16-мақсаты Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (руханиқұндылықтарды нығайту) бағыттарымен үндеседі.

Мұқағали жырларыұлттың рухани байлығы. Ақынмұрасы жас ұрпақтың жүрегінде мәңгілік сақталып, елдіңтұрақты дамуына негіз болатын рухани тұғырдықалыптастырады.

Кураторлар: Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.