«Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр!»Farabi University

«Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр!»

10 ақпан, 2026

2026 жылдың 9 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері үшін «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаев өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру, оның әдеби мұрасының маңызын түсіндіру және студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болды.

Кураторлық сағат барысында ақын поэзиясына қысқаша шолу жасалып, оның шығармаларында адамгершілік, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухтың терең көрініс табатыны атап өтілді.

Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім беруді қамтамасыз ету» аясында ұйымдастырылып, сапалы білім берудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде ұлттық мәдени мұраны насихаттаудың рөлі көрсетілді.

Қорытындылай келе, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетінде ерекше орын алатыны және оның поэзиясы жас ұрпақты рухани тәрбиелеуде маңызды мәнге ие екені атап өтілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Тураров Д.Р., Кыстаубаева А.К.