- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум: Қазақстан Республикасы халқының шешім қабылдауының демократиялық нысаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум: Қазақстан Республикасы халқының шешім қабылдауының демократиялық нысаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 13 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум: Қазақстан Республикасы халқының шешім қабылдауының демократиялық нысаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада конституциялық реформалардың маңызы, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктері талқыланды.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор
Гүлдана Амангелдіқызы Қуаналиева өз баяндамасында реформалардың құқықтық жүйені жаңғыртудағы рөлін атап өтсе, аталған кафедраның доценті м.а., PhD Гүлнұр Қойшынқызы Рашева Конституцияның әлеуметтік мемлекет қағидаттарын іске асырудағы маңызын және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту мәселелерін көтерді. Іс шараға заң факультетінің
кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, пікірталас барысында өз ұсыныстарын білдірді.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар конституциялық өзгерістердің елдің демократиялық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.