Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері «Қаракөз» спектаклін тамашалады
11.02.2026 жылы АЖ-24-01 тобы, куратор Сәндібек Динара Еркінқызымен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Қаракөз» спектаклін тамашалады.
Қойылым студенттерге ерекше әсер қалдырды. Спектакль барысында қазақ халқының салт-дәстүрі, адамгершілік құндылықтары мен терең сезімдері шынайы бейнеленді. Қойылым арқылы қазақ әйелінің даналығы, төзімділігі мен қайсарлығы айқын көрініс тапты.
Актерлердің шебер ойыны мен сахнаның әсерлі безендірілуі көрермендерді бей-жай қалдырмай, қойылымды үлкен қызығушылықпен тамашалауға мүмкіндік берді. Студенттер спектакльден кейін алған әсерлерімен бөлісіп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұл мәдени шара студенттер үшін рухани тұрғыдан маңызды әрі есте қаларлық күн болды. Осындай тағылымды қойылымдар ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттырып, жастардың рухани дамуына оң ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар