Заманауи кітапхана форматтарын зерделеу: ҚазҰУ студенттері Жамбыл атындағы кітапханаға бардыFarabi University

Заманауи кітапхана форматтарын зерделеу: ҚазҰУ студенттері Жамбыл атындағы кітапханаға барды

15 ақпан, 2026

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 1-курс студенттері оқытушы Арғынбаева Макпал Халеловнаның жетекшілігімен Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына барды.

Мұндағы  мақсат   кітапты насихаттаудың заманауи тәсілдері мен визуалды коммуникацияның жаңа стандарттарын зерттеу болды. Ауқымды жаңғыртудан өткен Жамбыл атындағы кітапхана орта дизайны мен кітап контентін ілгерілетудегі өзекті трендтерді зерделеуге арналған маңызды нысан.

Экскурсия барысында студенттер Макпал Халеловнамен цифрлық дәуірде баспагер мен редактор рөлінің қалай өзгеріп жатқанын, сондай-ақ жастарға арналған заманауи әдебиетті безендіруге қойылатын талаптарды талқылады. Мұндай сабақтар студенттердің сыни ойлауын қалыптастырып, қазіргі нарықтың сұраныстарын терең түсінуге мүмкіндік береді.