- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Халықаралық хинди тілі күніне арналған мерекеге қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Халықаралық хинди тілі күніне арналған мерекеге қатысты
14 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшілігінің, Үнді мәдени орталығы және Алматыдағы үнді кәсіпкерлерінің INCham қауымдастығының қолдауымен Дүниежүзілік хинди тілі күні – «Hindi Diwas» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке дипломатиялық корпус өкілдерін, оқытушылар мен хинди урду тілдерін оқып жүрген студенттерді біріктірді.
Елшілік өкілдері Үндістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өтіп, шығыстану факультеті мен оқытушыларына студенттерді кәсіби деңгейде даярлап, хинди тілі мен үнді мәдениетіне қызығушылықты қолдағаны үшін алғыс білдірді.
«Hindi Diwas» мерекесінің өткізілуі табысты серіктестіктің жарқын үлгісіне айналып, жастардың хинди тілін үйренуге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Бұл академиялық және кәсіби ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Айта кету керек, Шығыстану факультеті хинди урду тілдерін оқыту және зерттеу бойынша Қазақстандағы бірден бір орталық болып табылады.
Басқа жаңалықтар