«Болашақ мамандық пен қаржылық сауаттылық»
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ мамандық және қаржылық сауаттылық» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Кездесу барысында жастарға кәсіби бағдар, еңбек нарығындағы жаңа талаптар, заманауи мамандықтардың ерекшелігі және қаржыны дұрыс басқарудың маңызы кеңінен түсіндірілді.

Шара қонағы – экономика және бизнес жоғары мектебі деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кулиев Ілияс Оңғарұлы мазмұнды дәріс оқып, қаржылық сауаттылықтың бүгінгі қоғамдағы рөліне тоқталды. Дәріс барысында қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар, көпсалалы білім алудың артықшылықтары және өзін-өзі дамыту дағдылары туралы маңызды ойлар айтылды. Сондай-ақ қаржылық тәртіп, жинақ жасау мәдениеті және ұзақ мерзімді мақсат қоюдың маңызы ерекше атап өтілді.
Кездесу барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдау мен қаржылық жоспар құруға қатысты пайдалы кеңестер алды. Ашық диалог форматында өткен жүздесу жастардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа серпін сыйлады.
Осындай мазмұнды кездесулер жастардың дұрыс таңдау жасап, кәсіби әрі қаржылық тұрғыдан орнықты тұлға болып қалыптасуына жол ашады. Болашаққа нық қадам жасау – дұрыс мамандық таңдау мен қаржылық сауаттылықтан басталатыны тағы бір мәрте айқындалды.
Басқа жаңалықтар