Қытайдың тағам мәдениетіне қатысты дәріс оқылдыFarabi University

Қытайдың тағам мәдениетіне қатысты дәріс оқылды

17 ақпан, 2026

2026 жылдың 17 ақпан күні Қытайтану кафедра менгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы Қытайтану апталығы аясында «舌尖上的中国- Тіл ұшындағы Қытай» атты тақырыппен студенттерге қытай тағамы мен ішіп-жем мәдениеті туралы танымдық дәріс оқыды. Жоспарланған апталықтың екінші күні осылай жалғасын тапты.

 Қытай халқының ас мәдениеті – мыңдаған жылдық тарихы бар, терең философияға негізделген ерекше құбылыс. Қытай асханасы тек тамақтану тәсілі емес, ол – өмір салты, дәстүр және әлеуметтік қарым-қатынас формасы.

Ержан Әбдірайымұлы өзінің дәрісінде Қытай асханасының философиялық негіздері, Қытайдың әр аймағына, өлкесіне тән тағам мәдениетінің ерекшеліктері, ішіп-жеу әдебі (этикеті),  мерекелік тағамдары туралы өте қызықты етіп айтып шықты. Студенттер үшін бұл дәрістің танымдық құндылығы зор болды. Дәрістің соңы сұрақ-жауаппен жалғасты. Қытай тағамдары мен ішіп-жем мәдениетінің қазақтың ұлттық тағамдарымен, мәдениетімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы талқы болды.